08 Қазан, 2011

Қосымша қаражат қажет

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысы бойынша «Ақ бұлақ» бағдар­ламасына сәйкес су құбыры желілерін қайта құру және салу мақсатында 2012-2014 жылдарға жалпы сомасы 22 млрд. 992 млн. теңге тұратын 11 инвес­тициялық жоба дайындалған. Құжаттар уақытында құзырлы орган­дарға тапсырылса да, кейбір жобалар белгісіз себептермен толық көлемде шешімін таппаған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жаңа бағдарлама талаптарына сәйкес орындалған түзетулерден кейін бұрын басталған 30 инвестициялық жобаны толық аяқтау үшін жалпы көлемі 3 млрд. 224 млн. теңге қажет. Ауыз су мәселесінің күрделі жағдайда екенін ескере отырып, Қаржы министрлігі 2012 жылға Ақмола облысы әкімдігінің хатында көрсетілген жобаларды қаржыландыру үшін қосымша қаражат қарастырса, дұрыс болар еді. Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, Мәжіліс депутаты.