Аймақтар • 21 Шілде, 2017

Шыңғыстықтар шежіресі

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сексен бес жыл. Бүгінде құн­ды құжаттар мен бірегей экспо­нат­тардың таптырмас ошағына ай­налған мұражайдың экспозициясы 1800 шаршы метрді құрайтын 14 залдан тұрады. Тарихи жәдігерлер жинақталған орынға танымымызды тереңдетіп жиі бас сұғып тұрамыз.

Шыңғыстықтар шежіресі

Жуырда тағы бір тамаша құжатты қолымызға ұстап көр­дік. Отыз бір беттен тұратын құнды кітапша – 1906 жылы Қазан қаласындағы «Братья Каримовы» баспахана үйінде қатталған екен.
Шежірені «Қарағанды қайы­рым­дылық мекемесі» медресе­сінің төрағасы Мехмед Билгин оқып аударған.
Аудармадан ұққанымыздай, онда Шыңғыс ханның баба­ла­ры­ның шежіресі баяндалған. Жалпы, кітап – «Шыңғыстықтардың шежіресі» деп есімделген.
Таптырмас тарихи құжат бұ­ған дейін Балқаш қаласында сақ­та­лып келген. Аталмыш мұра­жайға 2011 жылы Ахат Сүлей­ме­нов есімді азамат өткізіпті.
Қазірде баға жетпес бай мұра музейдің «Жәдігерлер әпсанасы» деп аталатын бөлігінде тұр. 

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы