Қазақстан • 23 Шілде, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі, дауыл тұруы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Кызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай болады, күндіз бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.  

Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ, дауыл тұруы мүмкін.

Күндіз Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.