ЭКСПО-2017 • 23 Шілде, 2017

Инвестициялар және даму министрлігі ЭКСПО-2017 үздік жобаларын таңдайды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Инвестициялар және даму министрлігі үздік жобаларды таңдау үшін ЭКСПО-2017 павильондарын аралады. Бұл туралы ҚР ИДМ ресми өкілі Мұрат Жұбанбай Фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды.

Инвестициялар және даму министрлігі ЭКСПО-2017 үздік жобаларын таңдайды

«ҚР ИДМ 8 комитетінің және екі салалық департаментінің басшылары күні бойы өз бағыттарындағы әлемдік үздік тәжірибелермен танысты. Көрмедегі үздік жобалар арнайы комиссияға ұсынылуы үшін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке тапсырылатын болады», деп жазды Мұрат Жұманбай.

Ол 12 ұлттық павильонға қойылған 32 жобаның алдын ала таңдалып алынғанын хабарлады.