ЭКСПО-2017 • 24 Шілде, 2017

Эллада елі ЭКСПО көрмесінде ұлттық күнін мерекеледі

108 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халықаралық көрмеде Грекияның ұлттық күні мерекеленді. Шарада Эллада елінен келген «Хороменьо» би ансамблі 19 түрлі биін көрермендерге таныстырды. Олардың арасында танымал хасапико, сиртаки, зейбекико билері де бар. Айта кетерлігі, Грекияда 200-ден астам би түрі болса, олар бес топқа бөлінеді: ғұрыптық, наным-сенімдік, сахналық, тұрмыстық және қоғамдық.

Эллада елі ЭКСПО көрмесінде ұлттық күнін мерекеледі

Басқосу дәстүр бойынша қос мемлекеттің әнұранымен ашылды және мемлекеттік тулары кө­терілді.

Басқосудың ресми бөлігінде Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді сөз сөйлеп, бүгінде екі ел арасында сенімді байланыс орнағандығын жеткізді. «Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастығымыз ширек ғасыр ішінде нығайып, өзара тиімді сипатқа ие болды. Парламентаралық ынтымақ­тас­тығымыз белсенді түрде дамуда. Екі ел арасындағы достық және туыстық қарым-қатынастар Қазақстандағы грек диаспорасы және Грекиядағы біздің азаматтарымыз арқылы нығая түсуде», деді ол. М.Тілеубердінің айтуынша, Грекия «жасыл» экономиканы дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Бұған ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Грекия павильоны дәлел.

«Грекия үкіметі қоршаған ор­та­ны қорғауға барынша күш са­лып, энергияның баламалы көздерін қолдануға көңіл бөлуде. Ел павильоны интерактивті жә­не креативті экспозициялар ар­­қылы көрерменге ғылыми-тех­­никалық прогрестің озық үлгі­ле­рін, қоғам мен азаматтар игілігі үшін тиімді қолданылуын әрі Гре­кия табиғатының әсемдігін тамашалауға мүмкіндік береді. «Ауадағы энергия» атты павильон Грекияға тән табиғат пен ландшафт ерекшеліктерін сипаттайды», деді министрдің бірінші орынбасары. 

Грекияның Экономика және даму министрі Димитрис Папа­димитриу қос ел арасындағы бай­ланысқа 25 жыл толғандығын айтып, еліміздің халықаралық мәселелерді шешуде белсенді рөл атқарып жүргендігін алға тарт­­ты. «Соңғы ширек ға­сыр­да Қазақстанмен қа­рым-қа­ты­­насымыз тұрақты да­мып ке­леді. Бүгінде бұл ел XXI ға­сыр­дың бірінші он жыл­ды­ғын­да эко­номикалық әлеуеті жо­ға­ры 25 елдің қатарына кірді. Со­ны­мен қатар, Қазақстан әлем­дік қо­ғ­амдастықтың ажырамас бір бө­лі­гі және бірқатар ха­лық­ара­лық проб­лемалардың ше­шім­де­рін та­б­уға белсенді қа­тысты. Қа­зақ елі көмірсутегін өнді­ре­тін жетекші мемлекет ре­тінде Гре­кия инвесторларының қы­зы­ғу­шы­лығын тудыруда», деді ол.

Д.Пападимитриу Грекияның бес жылға созылған ауыр дағ­да­рысқа ұшырағандығын әңгімелеп, елі­нің бұл қиындықты еңсергенін қуанышпен жеткізді. «Соңғы жылдары Грекияның бұрын болып көрмеген экономикалық дағ­дарысқа ұшырағаны әрі оның Еуропа мен халықаралық экономикаға әсерін тигізгені мә­лім. Ел банкротқа ұшырап, Еуро­ай­мақтан шығып қалуының да айтарлықтай қаупі болды. Бұл еуропалық интеграция жө­нін­дегі күш-жігерге елеулі за­лал кел­тіретін еді. 2009-2013 жыл­дар­дағы кезең ішінде ауыр тиген бесжылдық құлдыраудан кей­ін экономика 3 жыл бойы тұ­рақ­тылық кезеңін басынан өт­керді. Одан кейін экономика қал­пына келіп, биыл мемлекет дағ­дарыстан біржола шықты. Бар­лық сынақтардан кейін серік­тес­теріміздің қолдауымен елі­міз­­дің дамуға деген талпыны­сы ой­дағыдай жүзеге асады деп се­н­е­міз. Біз Еуропаны, Таяу Шы­ғыс­ты және Азияны жал­ғай­тын энер­гетикалық, тран­зит­тік орта­лық­­қа айналғымыз келеді», деді ми­нистр.

Бүгінде Грекияда қайта қал­пы­на келетін қуат көзі 15 пайыз ша­масында. Олар 2020 жылы бұл көрсеткішті 20 пайызға жеткізбек. Балқан түбегінде орналасқан ел энергияның басым бөлігін желден алады.