Аймақтар • 24 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 1,5 есеге артты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Статистика басқармасы жариялаған деректер бойынша өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда биыл Қызылжар өңірі мен Еуроазиялық  экономикалық одақ елдері арасындағы сыртқы тауар айналымы 152 миллион долларға көбейген.

Солтүстік Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 1,5 есеге артты

Облыстың сыртқы тауар айналымының 70 пайызы ЕАЭО мемлекеттеріне тиесілі. Импорт көлемі 134 миллион долларды құрап, 56 пайызды қамтыса,   экспорт 18 миллион долларға жетіп, үштен бірге молайған. Сыртқа негізінен  мал, майлы дақылдар және де дайын өнімдер жөнелтіледі. Бұл көрсеткіш–экспорттың 60 пайызына жетеғабыл.

Барлық импорттың бестен бірін метал және металл бұйымдары құрайды. Оның ішінде минерал өнімдері – 7% , ауыр өнеркәсіп құрал-жабдықтары, көлік құралдары – 5%.  Импорт және экспорт жөнінен Ресей көш бастап тұр. Одан кейін Беларусь пен Қырғызстан келеді.

Облыстың алты ай ішіндегі сыртқы тауар айналымы 230 миллион доллардан асып отыр.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»