Қазақстан • 24 Шілде, 2017

Темір жол бойына жаңа қоршаулар орнатылды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика өңірлерінде темір жол бойына малдардың шығып кетуін болдырмау мақсатында 60 шақырымға жаңадан қоршаулар орнатылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Темір жол бойына жаңа қоршаулар орнатылды

Теміржолшылардың қоршаулар орнатуы иесіз малдардың жол бойына шығып кетіп, пойыз қозғалысына қауіп төндіру фактісінің ұлғайып кетуінен болып отыр. Мәселен, өткен жылы пойыз жолға малдардың шығып кетуіне байланысты 134 оқиға тіркелді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры - Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Жарас Ізғұловтың айтуынша, жыл сайын теміржол бойында малдың жайылып жүріп, жолға шығып кетуі салдарынан малдардың өлуі жиі болады. Локомотивтер мен вагондардың бүлінуінен пойыздардың тоқтап қалуына, материалдық шығындарға әкеліп соқтырады. Әсіресе, пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

Ж.Ізғұлов қазіргі таңда 6,7 мың шақырым жол қауіпсіздендірілгенін және «Астана-Алматы мен Астана-Бурабай бағытындағы темір жолы бойындағы 600 шақырымдық телімге қоршаулар орнатудың жобалық-сметалық құжаттары жасалып жатқандығын атап айтты.