Қазақстан • 24 Шілде, 2017

Қазақстан мен Қытай: қос елдің транзиттік әлеуеті талқыланды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында «Нұрлы жол» мен «Белдеу мен жол» бастамасы аясында екі ел арасындағы серіктестікті дамыту перспективасы» бойынша халықаралық дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Қазақстан мен Қытай: қос елдің транзиттік әлеуеті талқыланды

Шараға ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы Дамуды зерттеу орталығының делегаттары мен еліміздің сарапшылары қатысты.

Дөңгелек үстел мәжілісі барысында Қазақстан мен Қытайдың «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы өзара серіктестік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, бағдарламаның Орта Азия елдеріндегі көлік инфрақұрылымын, халықаралық сауда мен логистиканы жақсартуға қаншалықты әсер ететіндігі айтылды. «Қазақстанның транзиттік әл-ауқатының «Үлкен Еуразия» аймағы ғана емес, әлем интеграциясының іргелес орталықтары үшін де экономикалық және сауда байланыстарын дамытуда маңызы зор», -деді пікірталас барысында ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев. Оның айтуынша, бұл салада «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру жаһандық аспекте елдер мен экономикалардың ары қарайғы табысты қарым-қатынасы үшін стратегиялық маңызға ие.

Жиын  қорытындысы бойынша Қытай, Қазақстан және Жібек жолы бойындағы елдер арасында көлік-логистика серіктестігін дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар мен кеңестер айтылды.