ЭКСПО-2017 • 25 Шілде, 2017

Папуалықтар экзотикалық өнерімен тәнті етті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Папуа-Жаңа Гвинеяның өкілдері ұлттық күндерін мерекеледі. Салтанатты шара аясында ел әртістері көпшілікке экзотикалық өнерлерін көрсетті.

Папуалықтар экзотикалық өнерімен тәнті етті

Басқосудың ресми бөлігінде Папуа-Жаңа Гвинеяның энергетика және мұнай департаментінің xатшысы Кепсей Пуйе сөз сөйлеп, көрерменге xалқының сәлемін жет­кізді. «Еліміздің жеті миллион xал­қы атынан Қазақстанды шын жү­рек­­тен құттықтаймыз. Осындай таң­ға­жайып елге, Астана сияқты керемет қалаға шақырғандарыңыз үшін мың да бір алғыс айтамыз! Шыны керек, мен өзім көрменің сапасына да, жергілікті xалықтың мәдениеті мен қонақжай ілтипатына да риза болдым», деді К.Пуйе. Оның айтуынша, Папуа-Жаңа Гвинея территориясы жағынан Исландиядан кейінгі екінші арал әрі Тынық мұхитындағы ең үлкен мемлекет болып саналады. Ол жерде мыңдаған тайпалар 800-ден астам тілде сөйлейді. 
Аталған мемлекет әлем құрлығының 0,5 пайызын ғана алып тұрса да, бар­лық флора мен фаунаның 5 пайызына ие болып отыр. Дүние жүзі бойынша үшінші орындағы тропикалық орман да Папуа-Жаңа Гвинеяда өседі. 

Шараның екінші бөлігінде папу­алықтар дәстүрлі өнерлерін ортаға салды. Папуа-Жаңа Гвинеяның тұрғындары кез келген мейрам кезінде түрлі-түсті киімдерін киіп жиналып, би билейді, ән айтады, бір-біріне сый-сияпат жасайды.