Білім • 25 Шілде, 2017

Алдағы оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді – БҒМ

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдағы оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді – БҒМ

Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, сырттай оқитын жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Құжат ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысын іске асыру мақсатында қабылданған.

Құжаттың тізімінде білім беру мамандықтары бойынша 6 385 мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылған, оның 1 мыңы ағылшын тілінде жоғары білім беруді көздейді. Техникалық ғылымдар және технологиялар бойынша –11 255, жаратылыстану ғылымдары бойынша – 2133 тапсырыс бөлінген.

Барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс тізімімен бұйрықтың қосымшаларында танысуға болады.