11 Қазан, 2011

Әлі де осы құрамаға сенім артайық

294 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Бакуде ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Екі жетіден астам уақытқа созылған бокс бәсекесінде әлемнің 113 елінің 570 былғары қолғап шебері Олимпиада лицензиясын сарапқа салып, әлемдік тәж үшін айқасты. Бұл бәйгеде біздің еліміздің бокс­шылары екі күміс және екі қо­ла медальға ие болды. Алтын жүл­де бұйырмады. Баку бәсе­ке­сі­ні­ң ең шешуші кезеңінде Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязым­бетов күміс­пен күптелді. Тағы екі бокс­шы­мыз Ғани Жайлауов пен Иван Дычко қола жүлдені қанағат тұтты. Осы әлем чемпионатында Ук­раина құрамасы ең көп алтын жүл­де алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Олардың қоржынына 4 алтын, 1 кү­­міс медаль түсті. Барлығы – 5 жүл­­де. Украина құрамасында  жүл­­­де ал­ған боксшылардың бәрі финалда өнер көрсетті. Соның ішінде Василь Ломаченко, Тарас Шелестюк, Левген Хитров, Олек­сандр Усик алтыннан алқа тағын­са, Денис Беренчук күмісті қанағат тұтты. Биылғы бәсекеде Куба 2 ал­тын, 1 күміс жүлдеге ие бол­ды. Ал алаң иелері Әзербайжан құ­рамасы 1 алтын, 1 күміс ме­даль­ға қол жеткізді. Осы елдің ко­мандасында аса ауыр сал­мақ­тағы Магомедрасул Меджи­дов финалда ағылшын Энтони Джошуадан алтын медальді суырып әкетсе, Теймур Маммадов украин Усиктен таза жеңілді. Әзер­байжан боксшысы біздің бұрын­ғы отандасымыз екен. Өзі оңтүс­тікте туып, бертінге дейін әке-шешесімен тұрып келіпті. Әкесі – түрік, шешесі – қазақ. Теймур атақонысына осыдан бес жыл бұрын қоныс аударыпты. Содан бері бокспен айналыса бастаған жиеніміз енді, міне, әлем чем­пио­натының күміс жүлдегері ата­нып отыр. Баку төрінде Ресей бабында бол­мады. Бір алтын, екі қола жүлде алды. Құрмет тұғырының биік сатысында көрінген сол бая­ғы Миша Алоян. Үшінші оры­нды Егор Мехонцев иеленді. Біз Алоянның  ұлты армян десек, ол Бакуде туып, кейін үш жа­сында Ресейге көшкен күрд­тің отбасы­нан шыққан екен. Осы жағдайды жергілікті жанкүйер­лердің көбі білмей, әлем чем­пионаты бас­тал­ғалы бері Алоян­ға қарсы шық­қан боксшылардың бәріне болысқанына куә болған едік. Қытайдың талантты бокс­шы­сы Зоу Шимиң биылғы додада әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Ол финалда бола­шағы­нан көп үміт күттіретін тағы бір са­ры құрлықтың талантты бокс­шы­­сы, кореялық Жон Шинді ұтты. Ал біздің екі күміс, екі қола медаль алған Қазақстан боксшы­ларының биылғы бәсекеде кем дегенде бір алтын медаль иеленуге шамасы жететін еді. Бірақ, тағы да сол өзімізді бұйырған қашпайды, қуған жетпейді, деп жұбатуға тура келіп отыр. Финалда қос боксшымыз Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязым­бетов жақсы өнер көрсетті. Екеуі де намысқа тырысып, еліміздің әнұраны Баку төрінде шырқалса деген ниетімен бокстасты. Алайда, тағы да сол сәтсіздік дейміз бе, бұйыртпаған алтын жүлде дейміз бе, финалда олардың жо­лы болмай қойды. Бірақ, Ния­зым­бетовтің күміс жүлде ал­ғанын үлкен жетістік деп баға­лауға болады. Өйткені, бұл – оның алғашқы әлем чемпионаты. Сәпиев Бакуге үш дүркін әлем чемпионы атанамын деп келіп еді. Онысын ол ешқашан жасырмаған. Финалда украин Шелестюктен жеңілгенде, көзіне жас тығылғанын көрдік. Әлем чем­пионаты біткен соң бір рейспен Алматы арқылы Бакуден ұшып келгенімізде бапкер Нұр­лан Ақүрпеков мынаны айтты. «Әлем чемпионатында біз алтын жүлде алуымыз керек еді. Барға қанағат. Серік команданың капи­таны, қазақтың батыр ұлы. Бакуде күміс алса, енді ол Лондонда алтын алады», деді. «Сөзіңіз періштенің құлағына шалын­сын», дейміз. Сидней Олимпиадасының чем­­­пионы Ермахан Ыбы­ра­йымов­ты да ұшақта кездестіріп, біраз әңгі­ме­ле­сіп қалған едік. Ол былай деді: «Баку бәсекесін Олимпиадаға дайын­дық деп біліңіздер. Серік­тің, Әділбектің алтын алма­ға­ны­на көп өкінбейік, бізге, ең бас­ты­сы, ко­ман­даның бірлігі керек. Чикагода өткен әлем чем­пио­на­тын­да алтын медаль алған он бокс­шының екеуі ғана Бейжің Олим­пиадасында өзін дәлелдеді. Сон­дық­тан сабыр сақ­та­ған жөн. Еңді барлықтарыңыз көресіздер, бүкіл әлем Украинаға қарсы да­йын­да­лады. Ал біз тасадан суы­рылып шығуымыз керек». Ерекең айт­қандай, қазір бізге бастысы коман­да­лық рух, бірлік керек. Алда Астанада өтетін тағы бір лицензиялық турнир бар. Сол кезде Айтжановтың коман­да­сын­дағы боксшыларға тағы да Лондон Олим­пиадасына лицензия алуға мүмкіндік беріледі. Астана турнирінде бірлігі мығым бас бапкер Мырзағали Айт­жанов­тың құрамының Лондон Олимпиада­сы­на тағы 4 жолдама алатынына сенеміз. Әзірше біздің құрама 6 жолдаманы иеленіп отыр Дастан КЕНЖАЛИН. Суретті түсірген Виталий ГАРКУША. Баку – Астана.