Технология • 25 Шілде, 2017

Қазақстандық жас програмистер жаңа қосымша ойлап тапты

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 18 жасар Айдар Нұғманов пен 19 жасар Бекнар Данабек мобильді құрылғыларға арналған Zheti Soz қосымшасын іске қосты.

Қазақстандық жас програмистер жаңа қосымша ойлап тапты

Бұл сервис телефон иесіне күніне ағылшын тілінде 7 сөз жіберіп отырады. Құрастырушылардың айтуынша, «1 күн – 7 сөз» жүйесі арқылы жылына 2555 жаңа сөз үйренуге болады. Сонымен қатар, сервисте «сұрақ-жауап» пен «сөз сәйкестендіру» деген функциялар бар.

Жеңіл ойын форматындағы функциялар - ағылшын сөздерін әрі қарай мығымдап жаттауға мүмкіндік беретін жағымды сыйлық. Алдағы уақытта функциялар толықтырылып, ағылшын тілін үйренудің жаңа жолдары іске қосылады. Айдар Нұғмановтың айтуынша, қосымшаны дайындауға бір ай уақыт кетті. 

Әзірге қосымша iOS мобильді операция сервисінде ғана орналастырылған. Жоспар бойынша тамыз айында Google Play дүкенінде де пайда болады. Қосымшаны жүктеу үшін https://appsto.re/kz/t3g_kb.i сілтемесі арқылы өтуіңізге болады.