Аймақтар • 26 Шілде, 2017

Жас ұрпақтың бағдары

581 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі күнде М.Өтемісұлы атын­дағы Батыс Қазақстан мемле­кеттік уни­вер­ситетінде кәсіби деңгейді қалыптастыра білім беру үшін барлық жағдай жасалған.

Жас ұрпақтың бағдары

Ұлттық рухымызды сақтай отырып, жаһандық әлемге еркін кіріп, әлемнің ең озық тәжірибелерін қабылдай біліп, жаңа технологияны қолдана білетін мамандар дайындаудамыз. Қажеттіліктен туындайтын латын әліпбиіне көшу жұмысы да бізге жат емес. Заман сынағына лайықты болу үшін қажетті қағиданың бірі. Болашақтың негізі білім ордаларынан бастау алмақ.

 «Жаңа гуманитарлық білім» жобасы қолға алынып, әлемнің әртүрлі тілдерінен 100 оқулық қазақ тіліне аударылмақшы, бұның нәтижесінде жаңа сапалық деңгейде білім беріледі. Елбасы сөз еткен «Туған жер» бағдарламасы – жастарды патриотизмге тәрбиелеудің негізгі өзегі. Мақалада ішкі, сыртқы мәдени туризмге көңіл бөлініп, жаһандық ауқымды құндылықтардың тәрбиелік рөлі, қазақстандық заманауи мәдениетті қалыптастыру жолы көрсетілген, нәтижесінде мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып, басқа тілдерде сөйлейтін болады, жастар санасына осыны ұғындыра білуіміз керек. Осы өзге тілде сөйлейтін төл мәдениетіміздің аудармасында өз ұлттық кодымызды сақтай білу басты шарт болуға тиіс.

Алдымен жас ұрпаққа ұлттық кодтың мән-мағынасын оның атқарар міндетін қазақ халқымен сабақтастығын жастар санасына ұғындыра білуіміз керек.Жү­ре­гінде патриоттық сезімін оятып ұрпақ­тан-ұрпаққа жалғасып мирас болып, қаны­мызға сіңген бабадан қалған ізгі қасиет­терді қайта түлетуіміз үшін жас ұрпақ­пен қоян-қолтық қатар сіңісе жүріп оның заман талабына сай сұранысына лайық әлем жастарынан ой-өрісінің еш кем емес­тігін көрсете біліп, оны үнемі ұлттық және жеке байлығын нақты біліп, оны үне­мі пайдаланып, соған сәйкес бола­шағын жоспарлай алуды, ысырапшыл, ас­там­шыл, даңғой болудан бойын ау­лақ ұстаудың жолдарын үйретуге тиіспіз.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жастарға үлгі боларлық, тәуелсіздік жылдарында табысты еңбек еткен нақты адамдардың тағ­дыр­лары мен өмірбаяндарын ұсына­ды, олар телевизиялық деректі туындылардың кейіпкерлеріне айналады. Ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғалар таңдалады. Жаңа жаһандық үрдісте заманға сәйкес жаң­ғыру – бүгінгі күн талабы. Өмір сүру үшін өзгере білу керектігін жастарға түсіндіру – біздің басты міндетіміз.

Мақаладағы әрбір бағытты басшы­­лық­қа ала отырып, жаңа тұрпатты жаңғы­ру­дың ең басты шарты халқы­мыздың ғасыр­лар бойғы жиған тек қазаққа ғана тән ұлттық өзгешілігімізді сақтай оты­рып, замана сынынан өткен озық дәстүр­лерді жаңғырудың табысты маңыз­ды алғы шарттарына айналдыра білуі­міз қажет. Жаңғыру сонымен қатар өт­кенді толықтай ұмыту емес, қайта ескі мен жаңаның дәуір талабына сай сабақ­тастығын жалғастыратын ұлт жадының тұғырнамасы екенін өскелең ұрпаққа жеткізе түсіндіру біздің алдымыздағы басты мақсат болуға тиіс.

Ләззат МӘДЕНОВА,
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінің аға оқытушысы

ОРАЛ