Аймақтар • 26 Шілде, 2017

Кәсіби балық шаруашылығы қолға алынды

423 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында бірқатар жобалар қолға алынып, оның кей­бірінің алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Елбасы айтқан жа­һан­­­дық бәсекеге қабілеттілік осындай игіліктер аясында көрініс тапты. Мә­­селен, әрбір өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар.

Кәсіби балық шаруашылығы қолға алынды

Сонымен қатар, аймақтағы аудан­дар­дың да орналасқан жеріне, та­биғатына және тағы басқа артық­шылықтарына қа­рай жұмыс жоспарлары жүйелі дамып келеді. Ал тоғыз жолдың торабында орналасқан Меркі ауданында бүгінде та­­лай тиянақты тірліктер тындырылып жат­қанымен, балық өңдеу цехы жұмыс­ы­ның қарқын алуы өңір халқы үшін ай­тар­лықтай жаңалық болып отыр. Ерекше кә­сіптің ел игілігі үшін қолға алынғаны да құптарлық іс.

Негізінен облыста мал және егін ша­руашылығы жақсы дамыған. Жыл сайын өңірде аталған салада жақсы көр­сет­­кіштерге қол жеткізіліп келе жат­қаны да белгілі. Дегенмен, жұ­мы­сын бас­тап үлгерген балық шаруашылығы өңір халқының қы­зығушылығын тудырып, кәсіпке деген құрметін арттыра тү­се­тіндігі сөзсіз. Айталық, Талас, Аса өзен­дерінен, сондай-ақ, Ақкөл, Билікөл се­кілді көлдерден азын-аулақ балық аулап, халықтың оны күнделікті тіршілікке жа­­рат­қаны болмаса, өңірде кәсіби балық ша­руашылығы жолға қойылмаған еді. Енді өңір жұртшылығы өңделген балық өнім­де­рі­мен қамтылып қана қоймай, ал­дағы уа­қыттарда аталған өнімдер экс­порт­қа да шығарылатын болады.

Ағымдағы жылы Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округіне қарасты Гранитогор ауылында балық өңдейтін шағын зауыт құрылысының басталғаны белгілі. Жалпы құны 300 миллион теңгені құрайтын жоба жылына 1500 тонна балық өңдеп, одан 750 тонна дайын өнім шығара алады. Көксеркенің және табанның жон еті, балықтың ұрты мен тартылған етін шығаруды көздеген цехтың негізгі бағыты экспорт болып отыр. Цех алдағы уақыттарда Германия, Дания, Швеция мемлекеттерімен байланыс жасау арқылы өңірде балық шаруашылығын дамытуды көздейді. «Цех жұмысын қолға алудағы мақсат – балық өнімдерін терең өңдеуді жүзеге асыру болып отыр. Қазіргі таңда еліміздегі іргелі балық зауыттарынан мамандар тартылып, жергілікті азаматтарды оқыту үстіндеміз. Бүгінде цехта 15 адам жұмыс істесе, болашақта барлығы 65 адам жұмыспен қамтылатын болады. Кезінде Балқаштың жанында елімізге белгілі балық зауыты болған. Сол жерде кезінде жұмыс істеп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Елшібек Ниязбеков, Абзал Әбішев деген азаматтар қазір Меркі ауданында жұмыс істеп жатыр. Келешекте терең өңделген балық өнім­дерінің тоқсан пайызы экспортқа шы­ғарылатын болады», дейді аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков. Аталған жоба енді бір айдан кейін, яғни тамыз айында толықтай іске қосылады.

Жобаның бүгінгі беталысы жаман емес. Негізгі шикізат көздерін еліміздің Арал, Каспий теңіздері мен Зайсан кө­лінен әкелеміз деп мақсат қойып отырған цех басшылығы қазіргі кезде Арал теңізінен 40 тонна балық алып, зау­­ытты іске қосу бойынша жұмыс­та­рын жалғастырып келеді. Енді Меркі же­рінен Еуропа мемлекеттеріне қарай өң­делген балық өнімдері экспортталады. Қазақтың дәмі, табиғи байлығы да ал­дағы уақыттарда әлемнің алпауыт мем­лекеттерін таңдандырады деген сенім бар. Қазірдің өзінде-ақ Германия, Дания, Швеция мемлекеттері бірлесе жұмыс істеуге оң ниет танытып отыр екен. Бұл іс кейінгі кезеңде де Әулиеатаның әлеуетін арттыра түсетін жобалардың бірі болмақ.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы