Қазақстан • 26 Шілде, 2017

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесі 2017

562 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2017 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК мен басқа мемлекеттік органдардың бірлескен күшімен денсаулықты қорғау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғайтын мемлекеттік жүйе – МӘМС жүйесінің бірінші кезеңі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы заңының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар» 27-бабына сәйкес іске қосылды. МӘМС Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық азаматтарды қамтуы тиіс.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесі 2017

Бүгінгі таңда Әлеуметтік медици­налық сақтандыру қоры Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау министр­лігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК әзірлеген, жарналарды/аударымдарды жинақтау, сақтандыру мәртебесін айқындау алгоритмін берумен сақтандырылған жеке тұлғаларды дербестендірілген есепке алу үшін арналған электронды тіркелімдегі аударымдардың/жарналардың есебін жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрлігінің ақпарат­тық жүйелеріндегі сақтандыру мәр­те­бесі автоматтандырылған режім­де көрсетілген қызметтер үшін шығын­дарды өтеудің тиісті көзін айқындау мүм­кіндігін береді.

Оған қоса, Қазақстан Респуб­ликасы Денсаулық сақтау министр­лігі  2016  жылдан бастап Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2013-2020 жылдарға арналған электронды денсаулық сақтау тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Денсаулық сақтау сала­сын­дағы ақпараттық жүйелерді ақпарат­тандыру және олардың интеропе­ра­бельділігін қамтамасыз ету платфор­масын (бұдан әрі – Платформа) іске асыру бойынша жұмыстарды жүр­гізе бастады. Платформаның негізгі қағидаттарының бірі «пациентке бағдарлану» болып табылады, оны жүзеге асыру үшін  пациентке меди­циналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасы азаматының Электронды денсаулық паспорты жүргізілуі және қолжетімді болуы тиіс. 

Электронды денсаулық паспортынан пациентті медициналық ұйым­дарда тексеруден өткізу және емдеу нәтижелері туралы электронды дерек­терді, сондай-ақ, жеке тұлғаны ме­дициналық сақтандыру туралы дерек­терді алуға болады. Пайдалану­шы­лардың Электронды денсаулық паспортында сақталатын деректерге қолжетімділігі пациенттің жеке ка­би­неті арқылы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, пациенттің жеке кабинеті пайдаланушыға оның дербес деректеріне, оның ішінде медициналық деректеріне қолжетімділік береді, қабыл­дауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру және басқалары сияқты электронды денсаулық сақтау саласының қызметтеріне қолжетімділік алу мүм­кіндігімен қамтамасыз етеді. Пациент­тің жеке кабинетіне пациент­тің денсаулығымен байланысты іс-ша­раларды, мысалы, жоспарлы тексеріп-қарауды, егуді және басқаларын өткізу қажеттігі туралы хабарлама түседі.

Мемлекеттік және жекеменшік сек­тордағы басқа ұйымдардың тәжіри­бесінен, сондай-ақ,  халықаралық тәжі­ри­беден бизнес-процестерді автоматтандыру қызметкерлердің жұмыс істеу процесін жеңілдететінін және қағаз тасығыштардағы құжатайналым санын азайтатынын, сондай-ақ, МӘМС субъектілері арасындағы өзара есептесу процесінің толықтай айқындығына қол жеткізілгенін көрсетеді. Нәти­же­сінде ұйымда жұмсалатын ресурс­тардың уақыты және құны азайтыла­ды, бұл кейінгіде ұйымның қаржылық қара­жатын түбегейлі үнемдеу мүмкін­дігін береді.

Алена РЕБРИКОВА,

Айнұр ЖАНМОЛДАЕВА