Қазақстан • 23 Шілде, 2017

Хоум Кредит банкі қаржылық сауаттылық туралы түсіндірді

506 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Банк Хоум Кредит банк қызметтерін пайдаланатын мінсіз қазақстандық клиенттің басты ерекшеліктерін анықтады

Хоум Кредит банкі қаржылық сауаттылық туралы түсіндірді

Мінсіз қазақстандық клиент нарықтағы банк өнімдері туралы дерекпен танысып отырады, қаржылық сауаттылығын арттыруға тырысады, болашаққа деп ақша жинайды және қарызды қайтаруға қатысты өз жауапкершілігін толық сезінеді. Банк қызметтерін пайдаланушы клиенттің портретіне қатысты зерттеу жүргізген Банк Хоум Кредит сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр.

Жоба нәтижелері 22 шілде күні Астанада әлемнің 11 елінде қызметін ұсынатын Халықаралық Хоум Кредит тобының жиырма жылдығына орай ұйымдастырылған шара аясында таныстырылды. Кездесуге Астананың алдыңғы қатарлы БАҚ өкілдері мен трендсеттерлер келді. Журналистер мен блогерлерге арнап арнайы қаржылық сауаттылық бойынша семинар, «Ақша ағыны» қаржы трансформациялық ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар бөлімшеге келген әр қонақ банк басшылығымен танысып, кеңес алып, жеке қаржы, банк өнімдерін дұрыс таңдау туралы сұрақтар қоя алатын ашық есік күні де өтті.

Қаржылық сауаттылық жобасының аясында банк сарапшылары банк қызметтерін пайдаланатын мінсіз қазақстандық тұтынушының негізгі ерекшеліктерін анықтады. Ол үшін ұйым өкілдері халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері мен 2005-2017 жылдар аралығындағы банктің негізгі қаржылық көрсеткіштерін саралап шыққан.

Сарапшылардың мәліметтері бойынша, банк қызметтерін пайдаланатын мінсіз қазақстандық тұтынушы – қарызды қайтару туралы өз жауапкершілігін толық түсінетін адам. Ол несие келісім-шартын мұқият оқиды, түсінбеген немесе құжаттан таппаған мәселелер бойынша несие кеңесшісіне сұрақтар қояды. Сондай-ақ мінсіз тұтынушы нарықтағы банк өнімдерін зерттеп, зерделеп отырады, түрлі ұсыныстарды қарастырады, өзіне керегін таңдай алады және қаржылық сауаттылығын арттыруға тырысады. Қаржылық сауаттылық бағдарламасы басталғалы бері семинарларға қатысқысы келетін жандардың саны 3 есе, кездесу барысында талқыланатын тақырыптар қатары 4 есе артқан. Қатысушылардың 99%-ы шаралардың аса пайдалы болғанын, отбасындағы қаржылық жағдайды жақсы жаққа өзгертуге ықпал еткенін айтады.

Қаржылық сауаттылық бойынша шараларға қатысушылардың 55%-ы күнделікті шығындарын жазып отыруды, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлауды қолға алғандарын жеткізді. Семинарларда болғандардың 90%-дан астамы ақша жинауды бастаған. Олар үшін қаржы тұрғысынан тәртіпке келіп, несиені қайтаруға жауапкершілікпен қарау маңызға ие болған.

Сонымен қатар мінсіз банк тұтынушысы болашаққа қаражат жинауды қолға алады екен. 2016-2017 жылдары Банк Хоум Кредиттің депозитін пайдаланған клиенттер саны 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе өсіпті.

Мінсіз клиенттің мысалы ретінде Хоум Кредит банкінің ұсынған қызметін 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланып келе жатқан астаналық тұтынушылар кездесуге шақырылды.

«12 жыл ішінде банкпен арада тығыз, оң ниетті байланыс орнады. Сапалы сервис пен ыңғайлы қаржы қызметтері үшін мен банкке тек алғыс айта аламын», - дейді осындай клиенттердің бірі Жанат Қарабаев.

Тағы бір банк тұтынушысы Сабира Шаполаеваның сөзіне қарағанда, қарызды қайтару жауапкершілігін түсіну және ақша бюджетін бағалай білу – табысты адамның ең басты қасиеттерінің бірі.

«Мен банк өнімдерін әрдайым толық зерттеуге, өз бюджетімді алдын-ала жоспарлауға, осыдан кейін барып несие алу-алмау туралы шешімді қабылдауға тырысамын. Бұл ретте Банк Хоум Кредиттің көмегі көп-ақ, себебі бұл банк – нарықта зейнет жасындағы адамдарға қарыз беретін жалғыз ұйым», - дейді Астана тұрғыны.

«Біз мақсат-қалауыма қол жеткізсем, өмірімді жақсартсам дейтін жандарға көмектескіміз келеді. 20 жыл ішінде шағын ғана командадан үш құрлықта 300 мыңнан астам сауда нүктесі бар ірі ұйымға айнала алдық. Бүгінгі күні Топта әлемнің 11 елі бойынша 135 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, ал клиенттер саны 75 миллионға жетті. Тұрақты және қарқынды даму, клиенттеріміздің адалдығы, табысты бизнес-модель Хоум Кредитке әлемдік ауқымдағы тұтынушылық несиелендірудің көшбасшыларының біріне айналуға мүмкіндік берді»,- деді Хоум Кредит тобының PR-қызметінің басшысы Милан Томанек.