Қазақстан • 27 Шілде, 2017

Бауырлас елмен байланыс нығая береді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чолпон-Ата қаласында Қазақстан және Қырғызстан ішкі істер министрліктерінің Бірлескен екінші кеңесі өтті деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бауырлас елмен байланыс нығая береді

Кеңеске Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ішкі істер министрі Қ.Қа­сы­мов және Қырғыз­стан іш­­кі іс­тер министрі У.Исраилов, сон­­дай-ақ, салаға қатысты орган­да­­р басшылары қатысты.

Тараптардың делегация бас­шы­лары екіжақты ведом­ство­­аралық ынты­мақ­тас­тық­тың да­муына жақсы баға бер­ді. Жиын ба­рысында Тараз қаласында өт­­кі­­зілген алғашқы Бірлескен ке­­ңе­с­­тің шешімдері табысты жү­­­зе­ге асы­рылғаны, сондай-ақ, ше­­ка­ра­лық ынтымақтастықтың бел­­сен­ді жүргізіліп жатқаны аталып өтті. 

Отырысқа қатысушылар ше­ка­ралық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша екіжақты ынты­мақ­тастықтың қазіргі жағ­да­йы мен болашағын қа­растырып, экс­­тремизмге қар­сы күресте іс-әре­­­кеттерді же­тіл­діру мәсе­ле­ле­­­рін тал­қылады.  Бұдан бөлек, екі­­­жақты іс-әрекеттерді нығайту мақ­­­сатында іздеу жарияланған қыл­­мыскерлерге, із-түзсіз жо­ғал­ған­дар мен анықталмаған мүр­деге қатысты ақпаратты және атыс қа­рулары, автокөліктер, есір­т-
кі құралдары, ұрланған малдар­ды контрабандалық жолмен тас­ы­мал­даушылар, ұйымдасқан қыл­мыс­тық топтардың мүше­лері мен басшылары туралы мәлі­мет­­терді жедел алмасу керектігі ай­тылып, ортақ мәміле жасалды. Сондай-ақ, шекаралық өңірлерде келісілген жедел іздестіру шаралары мен арнайы операциялар жүр­гізу туралы келісімге қол жет­кізілді.

Отырыстың қорытындысын­да делегация басшылары шека­ра­­лық қылмысқа тосқауыл қою­ға, сонымен бірге экстре­мизмге қар­­сы күресте екі­жақты ын­ты­мақ­­тастықтың бел­сен­ді­лі­гін артты­ру шараларын қара­с­тыратын хаттамаға қол қойды.