11 Қазан, 2011

Елбасы қабылдады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Р.Түсіпбеков Президентке заң жобалары қызметі, зияткерлік мен­шік пен атқарушы өндіріс сала­сын­дағы істердің жай-күйі, сон­дай-ақ Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет көрсету рә­сім­дерін жақсарту мен қысқарту бөлігіндегі тапсырмасының орын­далу барысы туралы хабарлады. Атап айтқанда, министр заң жобаларымен жұмыстың сапасын арттыру үшін Әділет министрлігі қабылдаған шаралар туралы, Үкі­меттің 2011 жылға арналған заң жобаларымен жұмыс жоспары­ның орындалу жағдайын баян­дады. Сонымен қатар, Әділет министрі Мемлекет басшысына мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді қысқарту және адвокаттық, нотариалдық және бағалау қызметтеріне рұқ­сат беру кезінде жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі шаралар бойынша министрлік жұмы­сы­ның нәтижелері туралы әңгі­меледі. Р.Түсіпбеков ағымдағы жыл­дың 15 тамызынан бастап адво­кат­тық, нотариалдық және ба­ға­лау қызметтері саласындағы лицензия тек қана электронды түрде беріле бастағанын атап өтті. Кездесудің қорытындысы бой­ынша Мемлекет басшысы әділет органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берді.