Аралау барысында Тамара Қасымқызы әрбір бөлімнің қызметімен танысты, келушілермен және Орталықтың қызметкерлерімен тілдесті.
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар іске асырылып жатқан бағдарламалар және мекеме қызметінің қорытындылары туралы айтты. Сонымен қатар, кездесу барысында жұмыспен қамтудың және жұмыссыздарды жұмысқа орналасырудың маңызды сұрақтары талқыланды.