Технология • 27 Шілде, 2017

Астана маңындағы тұрғындар Astra көліктік картасын қолдана алады

353 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көліктік карта құны 400 теңгені құрайды. Жолаушылар қала маңы автобустарына алдыңғы есігінен картаны белгілеп немесе билет сатып алу арқылы кіреді, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.

Астана маңындағы тұрғындар Astra көліктік картасын қолдана алады

27 шілде елорда әкімдігінде қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын автобустарда жолақыны электронды төлеу жүйесін енгізудің IV кезеңі мен Астананың қоғамдық көлігі қозғалыс сызбасының өзгертілуі жөнінде айтылды. 

«Astra көліктік картасы - қала маңындағы жолаушыларға келген соң 60 минут ішінде қалалық автобусқа отыруға мүмкіндік береді. Тегін жүруді пайдалану үшін қала маңы автобусынан шығарда жолаушы картаны тағы бір рет валидаторға соғу керек. Сонымен қатар Astra картасына он рет жол жүруді жүктегенде жолаушы үшін 11-ші жүру тегін. Бұған қоса басқа да жолақыны төлеу әдістері сақталады: қолма-қол төлеу және бір айлық жолақы билеті»,- деп мәлімдеді Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Қала маңы автобустарындағы жолақы құны көліктік аумаққа байланысты:

1 көліктік аумақ - 90 теңге;

2 көліктік аумақ - 200 теңге;

3 көліктік аумақ - 300 теңге;

4 көліктік аумақ - 400 теңге.

Қалалық қоғамдық көлікте жолақы құны - 90 теңге; экспресс тасымалдау - 150 теңге.

«Астана LRT»  төлем жүйесі орталығы басшысы Сергей Поповтың сөзінше, Astra картасын сату биыл бұған дейінгі жылдардағыдан асып түсті.

«Қазір адамдар олар үшін бұл жүйе қаншалықты тиімді әрі қолайлы екенін түсіну керек. Жалпы, бізде динамика жақсы: иә, қазір бізде қағаз билеттер көп сатылады. Бірақ біз картаны сату шегін өткен жылдардағыдан асырдық. Жолаушылар картаны сатып алып, толтыруды жалғастыруда»,- деді ол.

Бұдан бөлек, Поповтың пікірінше, қағаз билеттері мен кондукторларды алып тастау туралы айту әлі де артық.

«Қазір карта төлем жүргізудің басқа тәсілдерін алмастырады деп айтуға болмайды. Қарапайым ғана мысал, тіпті қолма-қол ақша алуды тоқтату туралы тәжірибе де жоқ. Қалада тұратын адамдар ұзақ қолдануға арналған карталарға көшуде. Егер кім көп автобуспен қатынамайды, олар ақшаға бір реттік билет алады. Ал, кондукторлардың қажеттілігі - кешенді түрде шешіледі. Олардың қажет болмауы белгілі болғанда ғана, бұл сұрақ анықталады», - деді ол.

Жолаушылар көлігі басқармасы басшысы Бекмырза Игенбердиновтың сөзінше, елорданың қала маңындағы тұрғындар үшін қоғамдық көлік тиімді.

«Қоғамдық көлік қызметін пайдалану арқылы адамдар күнделікті қанша қаржы үнемдейтіндерін түсінеді. Осыны сезінгенде автобустармен жүре бастайды. Күнделікті қалада Қосшы, Жібек жолына қарай көлік кептелісі болады. Бензин мен уақыт жоғалтады. Қала маңындағы жолаушылар саны көбейсе, бізде кез келген уақытта бағытты күшейтетін, сыйымдылығы жоғары алмастыратын автобустар дайын болады, - дейді ол.