Аймақтар • 28 Шілде, 2017

Теренкурдегі таңбалы тастар

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы шілде ыстық, нағыз аптап дегеніңіз де осы кез болар деп ойлайсыз. Үлкен Алматы өзенінің жағасында жалғыз аяқ жол «Самал» шағын ауданының тұсында балаларға әдемі ойын алаңдары жасалған.

Теренкурдегі таңбалы тастар

Мың жасаған шаһардың Оқу­шылар сарайының жанында атал­мыш өзеннің қалаға кірер тұста гүрілдеп, бұлқынып жатуы әдемі өрнек тапқандай екен. Бұрын­дары мұнда ақсақалдар серуен құрса, енді қалалық ұйымдар бас-көз болып, жазғы каникул­да жүрген оқушы балалардың да демалысын сәтті өткізуіне мұрын­дық болыпты.

Үлкен Алматы өзенінің осы аумағы өзгеріп сала берген. Терек пен қайың құлпырып, ойын алаңдары мен әткеншектер келісті бояуын тапқан. Өзен жағасында жыл санауымыз бойынша он екі тас мәнісін айшықтайды. Биылғы жыл Тауық жылынан басталып, әрбір жылдың бейнесі – өз кейіпкері сурет­теледі. Ойын баласы үшін оның мәнін ұғынуға, тастың таңбаларын түсінуге таптырмайтын дүниелер. Тастағы таңбалар жануарлар әлемін таныстыра түседі. Жаратылыстың тылсым әлемін көз алдыңа әке­леді. Тау өзенінің гүрілдеген таң­ғы сарыны алыстарға кетеді. Балалардың бал күлкісі қаланың мазасыз көліктерінің шуылынан алыс, шалғынды қойнаудан естіледі.Теренкурдегі таңбалы тастар айшықты өрнектерімен балаларды тартымды ойларға жетелейді.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ