Үкімет • 28 Шілде, 2017

Бақытжан Сағынтаев Қарағандыдағы нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауытқа барды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорнына барды, онда нан-тоқаш өнімдері өндірісінің технологиялық ерекшеліктері мен инновациялық шешімдерімен танысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев Қарағандыдағы нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауытқа барды

Нан пісіріп шығаратын зауыттың бас директоры Айгүл Бүрленова өндірісте қолданылатын технологиялар мен кәсіпорынның келешектегі жоспарлары туралы айтып берді. Өндіріс орны ұнды ыдыссыз сақтау орны, су өңдейтін бөлмесі, кондитерлік цех пен қалыпты нан пісірілетін туннельдік пеші бар кешеннен тұрады. Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаевқа зауыт шығаратын нан-тоқаш өнімдерінің көрмесі көрсетілді.  

Айта кетейік, «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорны 2017 жылғы 4 ақпанда іске қосылған. Үздіксіз өндірістік қарқынмен жұмыс істейтін нан шығаратын жаңа зауыт өндірістің заманауи энергия үнемдеуші еуропалық жабдығымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда мұнда 1 800 тоннадан астам нан өнімі шығарылған.