Әлем • 28 Шілде, 2017

Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары ұсталған қазақстандық азаматтарға қатысты жағдайды талқылады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әңгімесі барысында алты қазақстандық азаматтардың Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады. Бұл туралы ведомствоның бапасөз қызметі хабрлады.

Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары ұсталған қазақстандық азаматтарға қатысты жағдайды талқылады

Телефон арқылы сұбат 27 шілденің кешінде қазақ тарапының бастамасымен орын алды.

Қазақстан мысырлық биліктерден жас адамдардың ұстап әкетілу себептері мен олардың қазіргі таңда болу мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр, деді Қ. Әбдірахманов. Ұстап алынғандардың барлығымен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет.

С. Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.

Сондай-ақ, министрлер әңгіме барысында негізін жоғарғы деңгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық жәнее мәдени-гуманитарлы ынтымақтастықтың сәтті дамуын талқылады.

Айта кетейік, осыған дейін Мысырда 6 студенттің жоғалып кеткендігі туралы ақпарат жарияланды. Кейінірек студенттердің Мысырдың құқық қорғау органында болғандығы анықталды. Осыған байланысты Қазақстанның Мысыр еліндегі елшілігі осы оқиғаға байланысты ресми жауап талап етті. Сондай-ақ Қазақстан мен Мысырдың Сыртқы істер министрлері кездесетіндігі айтылған болатын.