Кәсіпқой бокс • 28 Шілде, 2017

Жақияновтың мүмкін болар қарсыласы анықталды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстікирландиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) қазақстандық Жанат Жақияновты (27-1, 18 КО) өзінің әлеуетті қарсыласы ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Жақияновтың мүмкін болар қарсыласы анықталды

Жақында ғана IBF-тің әлем чемпионы белбеуіне ие болған жеңіл салмақтағы Барнетт өзінің келесі кездесуін 21 қазанда Белфастта (Солтүстік Ирландия) өткізбекші. Оның қарсыласы WBA титулының иегері Жақиянов болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, пуэрторикалық Эммануэль Родригес (16-0, 11 КО) те қарастырылып отыр. 

Барнеттің өзі келесі қарсыласының есімі белгілі болғандығын және жақында хабрланатынын мәлімдеді.

Осыған дейін солтүстікирландиялық промоутер Элли Хирн алдағы уақытта Райан Барнетт пен Жанат Жақиянов арасында жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан болатын.