Қазақстан • 28 Шілде, 2017

Елордалық бозбалалардың жазда жұмыс табуына көмек көрсетілетін болады

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында прокуратура, жергілікті полиция өкілдері мен жұмыс берушілердің қатысуымен оқушыларды жұмыспен қамту бойынша кездесу өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордалық бозбалалардың жазда жұмыс табуына көмек көрсетілетін болады

«Скиф Трейд» ЖШС, «Magnumcash&carry», «Крепеж Маркет» ЖШС оларға бөлшектеуші, сатушы, жүк тиеуші, кассир және сауда өкілі жұмыстарын ұсынды.

 - Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты –жұмысқа орналасуға көмектесу, өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату, балаларға қиын жағдайда көмек көрсету, - деді тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы директорының әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі Арнұр Искаков.