Әлем • 28 Шілде, 2017

Иордания азаматы бағасы 6 млн доллар болатын 9 гауһар тас жұтып қойған

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иордания азаматы Гонконгта зергерлік дүкенді тонамақ болып, болжам бойынша бағасы 6 млн доллар болатын 9 гауһар тасты жұтып қойған, деп хабарлайды ria.ru

Иордания азаматы бағасы 6 млн доллар болатын 9 гауһар тас жұтып қойған

Оқиға түс кезінде болған. Қызметкерлерден тек жалғыз қыз қалғанын пайдаланған күдікті дүкенге қарапайым сатып алушы болып кірген. Ол қызметкерді ұрып, есінен тандырған. Кейін сейфті ашуға тырысқан кезде дабыл қағылған.   

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері мен дүкен қожайыны жерде ес-түссіз жатқан қызметкерді байқаған, артынша қосалқы бөлмеде жасырынбақ болған күдіктіні ұстаған.

Тонаушы 5,4 млн доллардың 8 гауһар тасын қолды еткені анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тонаушыны тағы 9 бағалы тасты жұтып қойды деген күдікпен жергілікті ауруханаға алып кеткен.

Алдын ала тергеу барысында оның Иордания азаматы екені, Гонконгқа туристік визамен кіргені мәлім болды.