Қазақстан • 28 Шілде, 2017

Астанада триатлоннан халықаралық жарыс өтеді

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 шілдеде Астана қаласында ASTC Sprint Triathlon Asian Cup and Central Asian Championships – Триатлон бойынша Азия Кубогы өтеді.

Астанада триатлоннан халықаралық жарыс өтеді

Спринт арақашықтығындағы біріншілік үшін тек Халықаралық Триатлон Одағының (ITU) рейтингісіне кіретін бүкіл Әлем бойынша кәсіпқойлар (PRO) ғана сынға түсе алады. 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Astana Asian Cup 2017  шарасы Астана саябағының жаңа Триатлонында өтеді. ұйымдастырушылар атап өткендей. 45 гектарға созылған алаң тартысты өтетін жарыстың ортылығы болмақ. Бұл алаңда жүгіру үшін арнайы жолақ, жанкүйерлер мен тематикалық палаткалар үшін ойын-сауық аумағы бар.  

Азия кубогі аясында 30 шілдеде триатлон бойынша ҚР Чемпионаты өтеді. Аталмыш жарыстың басты ерекшелігі – Жартылай темір арақашықтыққа (half-ironman) әуесқойлардың, сонымен бірге кәсіпқой спортшылардың да қатысуы болып табылады. Яғни, спорт әуесқойларына кәсіпқой атлеттермен қатарлы 1.9 км жүзіп, 90 км. велосипедпен жүріп, осы жарысты 21 шақырымға жартылай марафонмен аяқтау мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ жеке стартпен бірге, сол Жартылай темір арақашықтыққа командалық эстафета да өткізіледі.

Жарыс әлемде триатлонды дамыту мақсатымен өткізіледі. Айта кетейіке, мықты спортшыларды анықтау, триатлонмен айналысатын қазақстандық спортшылардың шеберлігін арттыру, Қазақстанда триатлонды насихаттау -Азия Кубогын өткізудің міндеттері болып табылады.