ЭКСПО-2017 • 28 Шілде, 2017

Әйгілі футболшы Христо Стойчков Астанаға келетін болды

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1990 жылдары каталониялық «Барселона» мен Болгария ұлттық құрамасында жасындай жарқылдаған әйгілі футболшы Христо Стоичков EXPO 2017 Football Cup турниріне келеді.

Әйгілі футболшы Христо Стойчков Астанаға келетін болды

51 жастағы болгар маманы жұлдыздар командасын жаттықтыратын болды. Бұл құрама сапында Эрнан Креспо, Гаиска Мендьета, Жереми Нжитап, Александр Шовковский, Яри Литманен және тағы басқа ойыншылар өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Стоичков ЭКСПО нысандарын аралап көрмек. Бұл туралы EXPO 2017 Football Cup турнирінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазылған.

Христо Стоичков «Барселона» сапында 1990-1997 жылдар аралығында (бір жыл үзіліспен) ойнап, 175 матчта 83 гол соқты. Бұдан бөлек ол ЦСКА (Болгария), «Парма» (Италия), «Аль-Наср» (Сауд Арабиясы), «Касива Рэйсол» (Жапония), «Чикаго Файр» және «Ди Си Юнайтед» (АҚШ) командаларының намысын қорғады. Болгария құрамасы сапында 83 ойын өткізіп, 37 доп салды.

Оның басты жетістігі - «Алтын доп». 1994 жылы Стоичков Еуропаның үздік ойыншысы атағына ие болды. World Soccer мен FIFA нұсқалары бойынша ХХ ғасырдағы ең үздік 100 футболшының қатарына кірді.