![29 шілдеде солтүстік пен шығыста жел күшейеді, оңтүстік пен батыста - аптап ыстық](/article_photo/1501300874_article_b.jpeg)
Республиканың өзге аймақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, оңтүстікте жел шаңды дауылмен күшейе түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы17-22 м/с жетеді, күндіз екпіні 25 м/с, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел соғып, 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл соғады. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,түнде және таңертең тұман күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, күндіз жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с болады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Кызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында күн қатты ысиды. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап қатты ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.