Аймақтар • 29 Шілде, 2017

Өскеменде қыркүйекте 1000 орындық №47 қазақ мектебі жұмысын бастайды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласының Жібек маталар кентіндегі бұрынғы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғимараты №47 орта мектеп болып ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өскеменде қыркүйекте 1000 орындық №47 қазақ мектебі жұмысын бастайды

Жуырда ғана Өскеменде Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілген болатын. Қаланың Сатпаев даңғылындағы білім ордасының ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп қатысқан. Жуықта Комсомол көшесіндегі НЗМ-нің бұрынғы ғимаратын қазақ мектебіне беру туралы қала әкімінің қаулысы шыққан. «1000 орындық №47 қазақ мектебінде оқушылар екі ауысым бойынша оқиды.

Бұл мектепке Жібек маталар кентіндегі №26 және №45 мектептерден, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейден, 19-шағын аудандағы №46 мектептен оқушылар көшіріледі», - деп хабарлады Өскемен қаласының білім беру бөлімінен. Өскемен қаласының Жібек маталар кенті мен 19-шағын ауданында халық саны жыл санап артып келе жатқанын атап өту керек. Әсіресе, қала басшылығы көпқабатты үйлер көптен салынып жатқан 19-шағын ауданда әлеуметтік нысандардың салынуына баса маңыз беруде.

Алдағы жылдары қалалық билік аталған шағын ауданда тағы Оқушылар сарайын салуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, Өскемен қаласының Ахмер ауылында тағы бір 1000 орындық мектептің құрылысы жоспарланған. Сонымен бірге, Согра кентіндегі №26 мектеп кеңейтілетін болады.