Әлем • 29 Шілде, 2017

«Союз МС-05» ғарыш кемесі ХҒС-на жаңа экипаждарды жеткізді

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бортында жаңа экспедиция мүшелері бар ресейлік «Союз МС-05» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жетті, деп хабарлайды ТАСС «Роскосмосқа» сілтеме жасап.

«Союз МС-05» ғарыш кемесі ХҒС-на жаңа экипаждарды жеткізді

«Союз МС-05» кемесі «Рассвет» атты модульдің тіркегішіне жалғанды»,-деп хабарлады «Роскосмос» өкілдері.

Айта кетейік, зымыран тасымалдағыш Байқоңырдағы «Гагарин алаңынан» 28 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21-41-де ұшты. 9-,5 минуттан соң кеме жер маңындағы орбитаға шықты. Кеме қысқартылған 6 сағаттық кесте бойынша ұшты.