![Дәурен Абаев румыниялық телеарнаға сұхбат берді](/article_photo/1501316852_article_b.jpeg)
«ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев румыниялық телеарнаға сұхбат берді. Румынияның «TVR1» бірінші қоғамдық телеарнасы ҚР мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына (Дипломатиялық қатынастардың орнағаны туралы хаттамаға 1992 жылдың 15-шілдесі күні Алматыда қол қойылды) 25 жыл толуына орай документалды фильм түсіруде»,-деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Альбина Әтен Facebook-тағы парақшасында.
Аталмыш туындыны Румынияның бірінші телеарнасынан көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында министрліктің сайтында жарияланатын болады.