Қазақстан • 29 Шілде, 2017

Астана әкімдігі азық-түлік бағасын тексеруде

452 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны реттеу бойынша күн сайын тексеру жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігі азық-түлік бағасын тексеруде

Атап айтқанда, қала билігі "Астықжан", "Магнум" және "Шапағат" базарлары сияқты қаланың сауда орталықтарында бағаны тұрақтандыру бойынша бақылау жүргізуде.

Статистикаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасы ай басынан 98,4 пайызды құрайды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында мамыр айынан бастап 30-дан астам өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, 11660 т өнім іске асырылды. Салыстырып алғанда 2016 жылы 12 мың т өнім іске асырылды, олардың 3660 тоннасы тек көкөніс өнімдері, олардың ішінде: картоп шамамен - 800 т, орташа бағасы - 110 тг/кг (Астана қ. бойынша орташа баға 160 тг/кг), қырыққабат 900 тг/кг (орташа баға – 109 тг/кг), пияз – 120 тг/кг (орташа баға 154 тг/кг), сәбіз – 150 тг/кг (орташа баға 140 тг/кг). 5-6 тамызда Атырау және Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Ірі отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар аясында сиыр етінің сатып алу бағасы бекітілді (1300 тг/кг), сатылымға сүйексіз жұмсақ еттің 1 келісі 1350 теңгеден шығарылады.

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО-на жалпы көлемі 300 млн теңге (әрқайсысына 150 млн теңгеден) сомасында несие берді. Қазір бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түлік өнімінің 49 түріне өздерінің бағасын бекітті. Атап айтқанда: тауыр еті, сүт өнімдері, гастрономия, сусындар, жартылай фабрикаттар, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері және т.б.

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген.

«Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті, «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады.