Жазғы спорт • 30 Шілде, 2017

2018 жылы Астанада WTC ұйымының қолдауымен Ironman 70.3 жарысы өтеді - Кәрім Мәсімов

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

WTC (World Triathlon Corporation) ұйымының қолдауымен 2018 жылдың шілдесінде Астанада Ironman 70.3 жарысы өтеді, деп хабарлады бүгін Қазақстанның триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов.

2018 жылы Астанада WTC ұйымының қолдауымен Ironman 70.3 жарысы өтеді - Кәрім Мәсімов

«Қазақстанның триатлон федерациясының атынан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларды және жанкүйерлерді Қазақстан Республикасының тұңғыш ашық чемпионатының ашылуымен құттықтаймын. Ұзақ қашықтыққа арналған триатлон бүкіл әлемде кеңінен танымал және ол біздің елімізде де солай. Біз кеше ғана осы жерде, Триатлон паркінде ITU (International Triathlon Union) ұйымының қолдауымен өткен триатлоннан Азия Кубогының іріктеу кезеңін тамашалап келдік. Аталмыш спорт түрін бұдан әрі қарай таныта түсу үшін Ironman жарысын өткізу қажет болатын»,-деді Кәрім Мәсімов Триатлоннан ҚР чемпионатының Астанадағы ашылуында.

Оның сөзінше, жуырда ғана WTC (World Triathlon Corporation) ұйымымен Астанада Ironman сериясының стартаптарын өткізу жөнінде ұзақмерзімді келісімге қол қойылды.

«Бүгінгі жарысқа қатысушылардың барлығын құттықтаймын! Сіздерге келесі жылдың шілдесінде Ironman 70.3 Astana жарысы өтетін трассаны сынап көрудің қайталанбас мұмкіндігі туып тұр. Сіздерге «Жолдарыңыз болсын!» деп тілейміз»,-деп қорытты Кәрім Мәсімов.

Осыған дейін хабарланғанындай, 30 шілдеде Азия Кубогының аясында триатлоннан Қазақстан чемпионаты басталды. Оған 200 спортшы қатысуда. Аталмыш спорт додасына кәсіпқой спортшылар да әуесқойлар да қатысуда. (Олар суда 1,9 км қашықтықты жүзіп өтіп, велосипедпен 90 км жерді жүріп өтіп, жартылай марафонға (21,1 км) жүгірулері керек. Осының барлығы бір жарыстың аясында болады)

Жекелеген жарыстармен қатар командалық эстафета да өтеді. Шақырылған қонақтардың арасында танымал спортшылар бар. Мысалы, олардың қатарында велошабандоз, Олимпиада чемпионы, триатлет Александр Винокуровтың есімін атауға болады.