Қазақстан • 30 Шілде, 2017

ЭКСПО-2017 коммисарлары Байқоңырға барды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің ұлттық секцияларының жетекшілері Қызылорда облысы аумағында орналасқан әлемдегі алғашқы және ірі Байқоңыр ғарыш айлағына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЭКСПО-2017 коммисарлары Байқоңырға барды

Сапар аясында комиссарлар Байқоңыр ғарыш айлағының музейіне, С.П.Королев пен Ю.А.Гагариннің мемориальдық үйлеріне бас сұқты, сосын олар «Союз МС-05» ғарыш кемесінің ұшырылу сәтін тамашалады.

Қызылорда облысына сапары аясында шетелдік қонақтар «Қорқыт ата» және этно ауылға табан тіреп, қазақтың ұлттық, мәдени болмысымен танысты.