![Астанада триатлоннан ҚР чемпионаты өтіп жатыр](/article_photo/1501401738_article_b.png)
Әзірге чемпионаттың жүзу бойынша аралық кезеңі аяқталды. Командалық есепте «Astana Team» командасының спортшысы Станислав Редько 21 минут көрсеткішімен көш бастады. Одан кейін кәсіби санаттағы үш спортшы - Виктор Земцев (Украина), Иван Тутукин (Россия) және Максим Крят (Қазақстан) мәреге жетті.
«Жарысқа түскен 155 адамның үшеуі ғана PRO санатына жатады, қалғандары - әуесқойлар. Қатысушылардың басым бөлігі үшін бұл жай ғана хобби, осылайша жұмыстан тыс уақытта демалады», - дейді жарыстарды хабарлаушы Александр Олейник.
Чемпионатта спорт әуесқойлары кәсіпқой атлеттермен қатар 1,8 шақырымды жүзіп өтіп, 90 шақырымды велосипедпен бағындырды және 21,5 шақырымды жүгіріп өтті.