Ұлттық спорт • 30 Шілде, 2017

Қазақстандық садақшылар «Алтын жебеге» дайындалып жатыр

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Қазанат» атшабарында 11-13 тамыз күндері жалауы желбірейтін «Алтын жебе» халықаралық турнирінің оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінгі таңда бәсі биік «Алтын жебе» турнирінде неше сұрмергеннің ел намысын қорғайтыны анықталды.

Қазақстандық садақшылар «Алтын жебеге» дайындалып жатыр

«Елімізде Қазақстан Республикасының чемпионаттарында топ жарған, бірнеше дүркін жүлде алған болған сұрмерген садақшыларымыздың қатары аз емес. Солардың арасынын іріктей келе жуырда «Алтын жебе» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының құрамы бекітілді», - деп атап өтті садақшылардың бас бапкері Нұркен Байбөриев.

Бас бапкер мына мергендерге сенім артып отыр екен:

1. Узденбаев Бекқали - Қызылорда облысынан;

2. Бадашов Елдос - Жамбыл облысынан;

3. Сарыбай Айтбек - Оңтүстік Қазақстан облысынан;

4. Айкөз Ералхан - Оңтүстік Қазақстан облысынан;

5. Тулыбаев Абзал - Жамбыл облысынан.