ЭКСПО-2017 • 31 Шілде, 2017

Теңдесі жоқ жарық құрылғысы

92 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Румыния павильоны қонақтарының назарын аударды. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Румынияның ұлттық күні тойланды. Мерекелік кеште көрермендер назарына мәдени бағдарлама ұсынылды. Онда флейтаның королі, суретші, ақын, Францияның, Бельгияның, Люксембургтің рыцары Георге Замфир өнер көрсетті. Джеймс Ласттың «Одинокий пастух» туын­дысын әлемге танытқан атақ­ты музыканттың әлем сахна­ларына шығып жүргеніне жарты ғасырдан асқан. Сон­дай-ақ, ұлттық сахнада Румыния­ның «Дакия» мәдени қауымдас­тығының әртістері халық биін орындады.

Теңдесі жоқ жарық құрылғысы

Салтанатты жиынның ресми бөлімінде Ақпарат және коммуни­кациялар министрі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, ЭКСПО-2017 көрмесінің тақы­рыбы мен Румынияның көр­меге қатысуы маңызды еке­нін жеткізді. «Бұл мемлекет халық­аралық шараға өте терең тұжы­рым­дама ұсынды, ол – жарық энергиясы», деді министр.
Румынияның сыртқы істер ми­нистрі Теодор Мелешкану ЭКСПО-2017 көрмесі адамзат қоға­мы қол жеткізген техно­логиялық даму деңгейін көрсе­тетінін айтты. «Шағын және орта кәсіпкерлікті қосқан­да, көп­­теген экономикалық субъек­­тілерді әртараптанды­ру және біріктіру тұрғысын­да «Бола­шақтың энергия­сы» ат­ты ЭКСПО-2017 көр­ме­сі жал­пы экономикалық ын­ты­мақтастығымыздағы жа­ңа сапа дең­гейінің негізгі нүк­тесіне айналары сөзсіз», деді ол.
Мерекеден соң көпшілік Румыния павильонын аралап, экскурсия жасады. Ондағы жәдігер­лер мемлекеттің соңғы жарты жылда ашқан өте маңызды жобасы «Экстремалды жарық инфрақұрылымына» байланыс­ты. Ол – прогресс пен ғылыми әлем сабақтастығының символы. Жобаның арқасында болашаққа көз салуға болады. Ядролық физика саласындағы жалпыеуропалық «Элай» деп аталатын кұрылғыны Мажарстан мен Чехия елдері бірлесе отырып әзірлеген. Бұл жоба жүзе­ге асса, әлемдегі ең күш­ті лазерге айналады. Ол күн беретін энергияның 10 пайызына тең қуатты түрлендіреді екен. Келушілер осы лазер арқылы өздерінің энергиясымен бөлісе алады. Ал шағын мониторларда сіздің қанша энергия бөлгеніңіз жазулы турады. 
Румыниялықтар көрме қонақ­тарын интерактивті режімде қызық­тыруға тырысқан. Мұнда от пен жарық сәулелері көп. Экс­кур­сия жасаушылардың айтуын­ша, павиль­онның негіз­гі мақсаты – графика­лық, визуалды құралдардың көмегі­мен лазерлік техниканың дамы­ғанын көрсету. «Павильонда дүние жүзінде мықты саналатын екі лазер бар. Олардың қуаттылығы күн энергиясының оннан бір пайызына дейін жетеді. Және де бір гамма сәулесі бар. Олардың көмегімен физика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, мәселен, медицина саласында рак ауруын зерттеуді, оған қарсы күресуді жүргізе алады. Көр­мені ұйым­дастырушылардың айтуын­ша, румыниялықтардың павильонын күніне 3 мыңнан 5 мыңға дейін көрер­мен тамашалайды», дейді павильон аудармашысы Әсел Бөкен.
Ағымдағы жылы Қазақстан мен Румыния диплома­тия­лық қарым-қатынастың 25 жыл­дығын атап өтуде.