Медицина • 31 Шілде, 2017

Жұмыспен қамту айрықша назарда

513 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Атырау облысында 15 600 адам жұмыссыз, оның екі мыңнан астамы – жас­тар. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына тіркелгендердің 43 пайызы қызметпен қамтылған. Өткен алты айда облыста 8 722 жаңа жұмыс орны құрылды. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 045 адам тартылды. Әлеуметтің әлеуетін арттыратын шараларға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Жұмыспен қамту айрықша назарда

Облыстық жұмыспен қамтуды үй­лес­тіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай Өтеғалиеваның айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыс әкімдігі арасында 27 421 жұмыс орнын құру туралы мемо­ран­думға қол қойылған. 
– Жыл басынан бері кәсіби оқуға 955 адам жіберілді, – дейді Б.Өтеғалиева. – Қажетті мамандарды дайындау ба­ғы­тын­­да облыста бірқатар шаралар кәсіптік оқу орындарымен бірігіп жүзеге асыры­лып келеді. Жұмыс берушілермен ке­лі­сім­шарттар жасақталып, кәсіби ма­ман­дыққа оқу курс-
тарына 72 адам жі­бе­рілді. Жергілікті және респуб­ли­ка­лық бюджет қаражаттарынан ұйым­да­с­ты­рылатын әлеуметтік жұмыс орындары­мен 506 жұмыссыз қамтылып отыр. Ай­­мақта жастарды жұмыспен қамту мә­­­се­лесі өзекті. Жоғары және орта-кә­­сіп­­тік оқу орындарын бітірген жас тү­лектер үшін ұйымдастырылған жас­тар тә­жірибесіне 316 жас маман жолдама ал­ды. Жастар тәжірибесі бұрын тек қа­на рес­­публикалық бюджеттен бөлінген қа­ра­­жатқа ұйымдастырылса, облыс әкімінің қол­­дауымен 2015 жылдан бері жергілікті қа­зынадан да қаражат қаралып келеді. 
Аймақта жұмыспен қамтуға жәр­де­м­десудің кешенді жоспары аясында әлеу­меттік қолдау шараларымен 20 784 адам қамтылады. Жоспарда мемлекеттік бағ­дарламалар шеңберінде тұрақты жұ­мыс орындарына орналастыру, кә­сі­би оқуға жіберу, шағын несие беру, қо­ғам­дық жұмыстарға жолдау, әлеуметтік жұ­мыс­тарға орналастыру, жас түлектерді жас­тар тәжірибесіне жіберу сынды шаралар бар. Бүгінге дейін жоспар 65 пайызға орын­далды. 
Халықты жұмыспен қамтуда бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің маңызы зор. Биылдың өзінде 24 жәрмеңке ұйым­дас­тырылып, 908 адам жұмыс тапты. «Әсі­ресе алыстағы ауылдарда көшпелі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өт­кі­зу жақсы жолға қойылып келеді. Дамба, Жанбай, Зинеден ауылдарында осындай жәрмеңкелер өткізіліп, 143 адам жұмысқа орналасты», дейді басқарма өкілі. 

Мемлекеттік бағдарламалардың маңызы зор
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға» арналған бағ­дар­ла­масымен Атырау облысында 7 212 адамды қамту жоспарланып, 2,0 млрд теңге бөлінген. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлі­ме­тіне сүйенсек, жыл басынан бері бағ­дар­ламамен 9 201 адам қамтылып, есепті ке­зең­ге жос­пар­лан­ған қаражат толығымен иге­рілді. Бағ­дар­ламаның бірінші бағыты бой­ынша 250 адамды кәсіптік даярлауға жә­не 500 адам­ды қысқа мерзімді курстарына оқыту қа­рас­­тырылды. 
Қазіргі уақытта қала мен барлық 
ау­дандарда мобильді топтар құрылып, ма­­ман­дар қажеттілігі мен оқу орындар тіз­бесі анықталды. Қысқа мерзімді оқу сәу­ір айынан басталып, оқуға 521 адам жі­берілді. Олар: аспаз, құбыр құ­рас­ты­ру­шы, аргонмен дәнекерлеуші, автокран жүргізушісі, ағылшын тілі, ЭЕМ операторы, шаштараз, тігінші және т.б. еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылып келеді. 
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты шеңберінде 
1 233 адамды қамту жоспарланды. 750 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады, 483 адамға микрокредит беріледі. Үшінші бағытпен 5 229 адамды жұмыспен қамту көзделген. 
 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енуіне байланысты ха­лықтың мәртебесін анықтау жұмыстары жүр­гізілуде. Жасыратыны жоқ, жұмыс іс­теп жатқан адамдардың міндетті 10 пай­ыздық зейнетақы төлемдері аударыл­майтын фактілер кездеседі. Бұл ме­кемеде еңбекақы бойынша берешек бар екендігін немесе еңбек шартының жасалмағанын көрсетеді. Мәртебесі анық­талмаған азаматтармен жұмыс істеу үшін облыста штаб құрылды. Барлық ауыл­дық, селолық округтерде «Е-Халық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары ұйымдастырылуда. 

Себепсіз қысқартуға 
жол берілмейді
Әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру және облыстағы кәсіп­орындарда еңбек қа­тынастарын сақтау үшін бірқатар ке­шен­ді шаралар атқарылды. Жұмыстан бо­са­тылған қызметкерлер бойынша үнемі мо­ниторинг жұмыстары жүргізіледі. 
– Жыл басынан бері облыста жұмыс көлемінің азаюына байланысты 11 мекемеден 219 адам жұмыстан қысқартылды. Жұмыспен қамту орталықтарына 119 адам тіркеліп, толықтай әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. 88-і өз бетімен жұмысқа орналасты. Қызметкерлердің жұмыстан босатылуына жол бермеу мақ­сатында облыс әкімдігі 2 539 жұмыс бе­рушілермен және кәсіподақтармен «Өндірістік процестерді тұрақтандыру, қыз­меткерлердің еңбек құқықтары мен ке­пілдіктерінің сақталуы, жұмыстан боса­тылатын қызметкерлерді әлеуметтік қор­ғау және жұмыспен қамту мәселелері бо-
й­ын­ша өзара ынтымақтастық тура­лы» ме­мо­рандумға қол қойып, 115,4 мың адам­ның жұмыс орындары сақталды. Аталған шаралардың нәтижесінде, жұмыс орындары сақталып, қысқартуға жоспарланған 799 адамның 580-і жұмыс орындарында қалдырылды, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай Өтеғалиева. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ