Медицина • 31 Шілде, 2017

Ауыз судың да алуан түрі бар

1255 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

тек оның сапасын ажырата білу қажет. Бұл күнде дүкендердегі тауарлардың түр-түрінен көзің тұнады. Алайда сол азық-түліктердің көпшілігін тұтынбасақ да тіршілігіміз жалғаса берген болар еді. Бірақ сөрелердегі бөтелкеленген, құтыланған сулардың пайдасы мен зия­ны туралы ойлануға тиістіміз. Бұл жерде адам сусыз өмір сүре алмайтынын баяндаудың өзі артық. Және су біздің өмірімізді жалғайды!

Ауыз судың да алуан түрі бар

Сонымен саудаланатын судың сапасын сараптап көрейікші. Мәселен, дүкендерде тұрған сулардың сыртындағы жазбаларға үңілсек, «табиғи минералды су», «артезиан суы», «асханалық ауыз су» деген сияқты жазбаларды жиі көреміз. Қазақстанда нағыз табиғи минералды су бар ма өзі? Бұл судың басқа сулардан айырмашылығы қандай? 
Қысқасы, бөтелкеленген ауыз сулар­дың этикеткасындағы жазбаларды қалай оқу керек? Мәселен, медицина мамандары адам күніне кем дегенде 1,5 литр су ішуі керек дейді. Көпшілігіміз дүкенге кір­генде ойланбастан, қолымызға бірінші түскен суды сатып ала береміз. Тұтынушы көп жағдайда оның сыртында не жазылып тұрғанына мән бермейді. 
Сөрелерде самсаған сулардың бәрі бірдей ме? Өз кезегінде халық ара­сында мы­надай лақап бар. Сатылып жат­қан су­лардың бәрі бір құбырдан құй­ыла бе­реді-міс. Бұл сөз қаншалықты шын­дық­қа жанасады?
Ендеше қолымызға бөтелкені алайық. Онда міндетті түрде судың түрлері – ауыз суы, табиғи су, асханалық су, сү­зіл­ген су, табиғи минералды су және бас­қа­­лай да көрсетілуі керек. Сол сияқты Қа­зақ­станда барлық бөтелкеленген та­биғи және емдік сулардың мемлекеттік стан­дарттары бар. Ауыз сулар арна­йы заңдармен реттелген. Онда 2007 жылдың 1 қаңтарында бел­гіленіп, 2008 жылы күшіне енген «Құты­лан­ған ауыз сулардың қауіпсіздік талап­тары» көр­сетілген. Ал емдік сулар мін­детті түр­де курортологиялық ғылыми ор­та­лық­тардың бальнеологиялық қо­ры­тын­дысын алуы тиіс. 

Пайдалы-ау,
 бірақ күнде емес
Сонымен егер этикеткадан «емдік» немесе «емдік-асханалық» су дейтін жазбаны оқыдың делік, онда бұл суды дәрігеріңіз тағайындамаса, күнде ішуге болмайтындығын білу қажет. Мұндай су күшті минералданған болып келеді де – 1 литрде 1г/дм3 басталады. Ал елі­мізде емдік-асханалық суларды Бор­жо­ми, Набеглави, Есентуки сияқты им­порт­­тық маркалар ұсынады. Оған қоса ем­дік қазақстандық сулардың Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарыағаш» ку­рорттық аудандарында әртүрлі өнді­ру­шілер шығаратын сериялары бар. Сол 
си­яқты Солтүстік Қазақстан облысындағы қо­рықтық аймақтарында өте пайдалы жер­асты ауызсулары «Kulager» атауымен бөтелкеленеді. Бұл емдік-асханалық су­дың құрамында кәдімгідей емдік қасиетке ие белсенді йодтар бар. 

Мөлшерсіз іше 
беруге болады
Сол сияқты еліміздегі дүкен сөре­ле­рінен «асханалық», «тазартылған», «бұ­лақ суы» дейтін ауызсулар мен «бірінші» немесе «жоғары» категориялы, сондай-ақ, «табиғи минералды» сулардың неше түрін табасыз. 
Қазақстан Республикасындағы ауызсулардың регламентінде көрсе­тіл­ген­дей, өндірушілер этикеткаларда су­дың құ­ра­мына сәйкес, міндетті түрде оны жа­зуы керек және мұны үстінен тұты­ну­шылар құқығын қорғау жөніндегі комитет қадағалайды. 
Сонымен, енді сіз этикеткадан «ауыз суы» дегенді оқыдыңыз делік, демек бұл су­ды шектеусіз іше беруге болады. Егер «ас­ханалық» деген жазу болса, онда бұл су минералды тұздардың биологиялық бел­сенді элементтерімен байытылған де­ген сөз. Онсыз адам ағзасы өмір сүр­мей­тіні белгілі. Ал «тазартылған» су – бұл толық сүзгіден өткізілген, бастапқы ке­­зінде су құрамында болған барлық зат­­тар тазартылып, кері айналдырудан өт­­кен су. Тазартылған суды жерасты су көз­дерінен де, сондай-ақ, сумен қам­та­ма­сыз ету жүйесінен, яғни қалалық су құбырларынан да ішіп отырмыз. «Бірін­ші» немесе «жоғары» категориялы – бұл су­лар Кеден одағы аясында қабылданған қауіпсіздіктің нақты бір талаптарына жауап беретін сулар. 

...тағы да және тіпті пайдалы
Ал «табиғи» немесе «минералды» деген жазулары бар суларға ерекше тоқ­талып өткен жөн. Бұл сулар табиғи бұ­лақтардан алынады және өзінің бас­тапқы табиғи түрде минералданған қасиет­тері жоғалмаған. Егер тұтынушы бөтелкенің сыртынан бұл жазуды тапса, онда тағы екі жазуды көруі тиіс. Бұл судың көзі мен скважина нөмірі. Оған қоса судың құ­ра­мындағы минералдардың кестесі де көр­сетілуі керек. Табиғи минералды ауыз су­ының минералдары 0,2-ден бастап 1г/дм3 дейін және одан жоғары болмауы қажет.
Қазір табиғи минералды ауызсулар бүкіл әлемде жоғары бағаланады. Оларды мөлшерсіз іше беруге болады. Ол шөліңді ғана қандырмайды, адам ағзасын ең сіңім­ді минералдармен байытады. 
Қазақстанның аумағында табиғи минералды ауызсуларды негізінен Perrier, Vittel, Эвиан, SanPelegrino сияқты импорттық маркалар мен басқалар ұсы­нып отыр. Қазақстанның өзінде шығатын та­биғи минералды сулардың ішіндегі барынша танымалы және кеңінен тарағаны TURAN суы. 
Табиғи минералды сулар жер астын-
д­а­ғы сенімді қорғалған су көзде­рі­нен алы­нады да және тасы мен құмы сүзіліп, тек механикалық тазартудан өткізіледі. Мұ­нан да бөлек мұндай сулар өз стандартта­рына сәйкес, адамның денсаулығына фи­зиологиялық пайдасы бар әсерге ие бо­луы керек. 
Не десек те, әлемде ауызсудың нарқы өсіп келеді. Бұл саламатты өмір салтының сән­ге енуімен байланысты бұрынғыдан да көкейкесті сипатқа ие болуда. Оған сәй­кесінше, судың неше түрі мен марка­лары да қоса шығарылып жатыр. Ал тұ­тынушыға қалғаны, бөтелкелердің қа­ғаз­ындағы жазуларды жіті оқып, осы біз не ішіп жүрміз деген сұрақты қаперінен шығармау. Өйткені, сол ішкен суымыздың 80 пайызы өз ағзамызда қалады және тәнімізді құрайды. 

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ