Медицина • 31 Шілде, 2017

Тың әдістеме тиімділікті арттырады

364 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Минералды-шикізат секторындағы қазіргі заманғы үрдістер пайдалы қазбалардың оңай қолжетімді және жоғары сапалы қорларының жылдам және жаппай таусылуымен, кен орындарды барлау және әзірлеу кезінде кен-геологиялық шарттардың қиындауымен және салдарынан өндірістің үздіксіз қымбаттауымен сипатталады.

Тың әдістеме тиімділікті арттырады

Қолжетімді георесурс­тар­дың на­шарлауы және қысқаруы геор­есурстарды тиімді пай­да­­ла­­нуға және сақтауға мүм­кін­дік беретін технологиялар­ды дамы­тудың қазіргі заманғы индус­триялық саясатына алып келді. Осыған байланысты, Қазақ­стан Республикасында ғы­лы­ми-техникалық прогрестің соң­ғы жетістіктерін ескере отырып, ес­кірген технологияларды, техни­каны және жабдықты жаңар­туға бағытталған шаралар көзделген. 
Кенші-ғалымдардың алдында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды экономикалық тиімді толық алуды, алынатын құн­ды құрамдауыштар шең­бе­рін кеңей­туді және нарықта талап етілетін бәсе­ке­ге қабі­­­летті өнім алуды қам­­та­­ма­­сыз ете­­тін жаңа техно­ло­гиялық ше­шімдерді іске асыру және пайдалы қаз­ба­лардың әзірленетін және игерілуі жоспарланатын кен орындарын барабар бағалау міндеттері тұрады. Бұл бағыт­тар 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған «Қатты пай­да­лы қазбаларды өндіру са­ла­сын­дағы тиімділігі жоғары инновациялық әзірле­ме­лерді жасақтау және өнер­кә­сіптік іске асыру» жобасы бо­йынша (авторлары: Д.Г.Бөкей­­ханов – жетекші, А.А.Бояндинова, Н.С.Буктуков, К.К.Төлебаев, Л.С.Шамганова, М.Ж.Бітімбаев, С.Ж.Ғалиев, А.И.Ана­нин) іске асырылды. 
Ғылыми жұмыс авторлары гео­тех­нология, геомеханика, қор­ларды есептеу, бас­қа­ру­дың және жобалаудың авто­мат­тандырылған жүйелері са­ла­сындағы теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін әзірледі және ен­гізді. Алын­ған тео­риялық және тәжі­рибелік нәти­желер пай­да­лы қазбалар кен орындарын қа­уіпсіз және тиімді игеру бойынша кешенді шешімді әзірлеуге жә­не негіздеуге мүмкіндік бер­ді.
Пайдалы қазбалар кен орындарын игеруді геомеханикалық негіздеу бөлімі өзекті және ірі ғы­лы­ми проб­лемалардың бірін ше­шуге арналған. Табиғи және техно­гендік күштер алаңында кен жы­ныстары массивтерінің, кен-тех­никалық объектілер мен құры­лыстарының беріктігі, дефо­рмациялануы және тұрақ­тылығы мәселелерін зерделеу кен кәсіпорындарының қауіп­сіз және тиімді жұмысын қам­тамасыз ете отырып, жыныс массивтерінде болатын геомеханикалық процестерді басқаруға мүмкіндік береді.
Кен орындарын әзірлеу кезінде жыныс массивтерінде өтетін геомеханикалық про­цес­тердің мәні дүние жүзінде, оның ішінде біздің институтымызда айтарлықтай ерте кезден зерделеніп келеді. Бірақ әрбір кен орны өзінің құрылымы бо­йынша бірегей және иге­ру­дің әр кезеңінде оның геоме­ханикалық негіздемесі болуға тиіс. Сондықтан, Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен істері инсти­тутының қызметкерлері және «Түс­ті металлШҒЗИ» институты ұсы­натын геомеханикалық міндет­тердің барлық шешім­дері тау-кен өндірісін дамы­тудың қазіргі заманғы кезеңінде өте өзе­кті болып табылады.
Кен жыныстары массиві­нің геомеханикалық жай-кү­йін бағалаудың әзірленген әдістемелері және зерт­теу­лер­­дің нә­тижелері бойынша нор­ма­тивтік құжаттар кен ны­с­ан­дарында қауіпсіздікті қам­тамасыз ете отырып, жыныстар массивінің жай-күйін реттеу мәселелерін нақты шешуге, сон­дай-ақ, экономикалық және әлеу­­меттік әсер алуға мүм­кін­дік береді.
Қазақстан мен Ресейдің кен өнді­ретін кәсіпорындарында ғы­лыми зерттеулердің нәти­желерін тәжірибеде қол­да­ну бұл жобаның басым ба­ғыт­тарының бірі болып та­бы­­лады. Мәселен, Қазақ­стан­ның нақты кен өндіруші кәсіпорындары үшін орын­далған жұмыстардың тәжіри­белік құндылығы ұсы­нылған технологиялар­ды, сон­дай-ақ, өндіру жұмыс­та­ры­ның тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныс­тарды қоса алғанда, 52 енгізу актілерімен расталды.
Жұмыс істеп тұрған кәсіп­орындардың минералды-шикі­зат базасының жай-күйін едә­уір жақсарту, кен өндіру жұ­мыс­тарының қауіпсіздігін және тиім­­ділігін қамтамасыз ету ұсы­­нылатын жұмыстың эконо­микалық нәтижесі болып та­былады. Ұсынылатын технологиялардың арқасында кен ісі саласындағы қазақ-­ с­тандық ғылым көшбас­шылық ұстанымдарға қол жеткізеді, оның жеке бағыттары әлемдік кен ғылымында жетекші орынды иеленудің нақты әлеуетіне ие болады.

Ильгиз АЙТМАТОВ, 
Қырғыз Республикасы ҰҒА академигі