Жазғы спорт • 31 Шілде, 2017

Қазақстан волейболдан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Волейболдан Индонезияның Сурабая қаласында ерлер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы араға 24 жыл салып жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан волейболдан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Отандастарымыз ширек финалда қытайлық Тайпей командасымен сынға түсіп, 3:0 есебімен басым түсті. Қазақстан құрамасы өз тарихында екінші рет Азия чемпионатының жартылай финалына шығып отыр.

Отандастарымыз алғаш рет 1993 жылы «сары құрлық» додасының жартылай финалына шығып, осы жылы құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері атанған болатын. Содан бері ондай ірі жетістікке әлі күнге қол жеткізе алмай келеді.

Жартылай финалдағы Қазақстан құрамасының қарсыласы Оңтүстік Корея - Қытай арасындағы матчта анықталады. Жартылай финалдық ойындар бүгін, яғни 31 шілдеде өтеді.