11 Қазан, 2011

Мұрағатшылар ізденісі

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атақты ұшқыш Нүркен Әбдіровтің Қарағандыдағы әйгілі ескерткіші сән-сәулетімен алысқа аян болса, одан соң бой көтерген «Шахтер даңқы» да сондайлық танымал. Осындай ерекше өнер туындыларын дүниеге келтірген сексеннен асқан қария Анатолий Петрович Билык екенін де айта кеткен жөн. Оның тастан қашалған еңбектері қазір еліміздегі біраз қалалардың көшелерін көркейтіп тұр. Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастамашы­лығымен мұның алдында жазушы Жайық Бектұровтың, өлкетанушы Юрий Поповтың жеке мұрағаттық қоры мемлекеттік сақтауға алынса, енді олардың қатарын Анатолий Билык қолындағы жәдігерлер, құжаттар, альбомдар, кітаптар толықтырды. Сол арқылы мүсіншінің шығармашылық жолымен кеңірек танысуға болады. Мұрағатшылар бұл күнде Израильде тұратын, «Орталық Қазақ­стан» газетінің бұрынғы фототілшісі Юрий Хейфицтің өңір өмірінен түсірілген суреттерін сұратып алып, сақтауға қоюды қолға алып жатыр. Аймақ елеулі тұлғаларының жеке мұрағаттық қорын көпшілік игілігіне ұсыну шаралары жалғаса береді. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.