Бокс • 31 Шілде, 2017

Жақиянов IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі.

Жақиянов IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

(Сурет Vesti.kz сайтынан алынды)

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов күзде солтүстікирландиялық Райан Барнетке қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Барнетт 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында жекпе-жек өткізеді. Әзірге нақты кіммен жұдырықтасатыны белгісіз.

25 жастағы боксшы не WBA титулының иегері Жанат Жақияновпен, не пуэрторикалық Эммануэль Родригеспен қолғап түйістіреді.