Қазақстан • 31 Шілде, 2017

Алматыда 1 тамыздан бастап №44 бағыттағы автобус қайта жүре бастайды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

деп хабарлайды Алматы қаласының ресми интернет-ресурсы.

Алматыда 1 тамыздан бастап №44 бағыттағы автобус қайта жүре бастайды

Кезінде, тасымалдаушы жолаушылар легінің аздығынан № 44 бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатқан болатын, алайда Наурызбай ауданының тұрғындары үшін бұл бағыт өте қажет. Осыған орай, Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағыттағы көлік қозғалысын қайта ашу туралы шешім шығарды, сонымен қатар көліктің аудандық әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін баруы қарастырылған.

№ 44 бағыт бойынша ЛИАЗ маркалы жаңа автобустар жүретін болады, жаңа көлік кондиционермен жабдықталған, қала орталығына келетін жолаушылар үшін өте қолайлы, көліктің соңғы аялдамасы Орталық стадион.