Әлем • 01 Тамыз, 2017

«Домбыра мені Түркияға мәшһүр етті»

437 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Түркияда қазақ өнері мен мәдениетін зерттеп, оны жан-жақты насихаттап жүрген жандардың бірі – Седат Солакоглы. Біз домбыраны жанына серік еткен өнерпазды аз-кем әңгімеге тартқан болатынбыз.

«Домбыра мені Түркияға мәшһүр етті»

–  Қазақтың ұлттық ас­па­бына деген құштарлық қа­шан пайда болды? Дом­быра тартуды қайдан үйрен­діңіз?

– Жалпы, музыкаға деген қы­­зы­ғушылығым бала ке­зі­­мнен басталды. Түріктің багла­ма деген аспабын үйрену үшін му­зыка мектебіне бардым. Мек­теп­тен үйге келсем, әжем «дом­­быра тартып берші, ба­лам» деп сұрайтын. Ол кезде дом­­быраның не екенінен бейха­бармын. Ата-бабаларымыз Ру­мы­­ниядан Түркияға қоныс ау­дарған татарлар екен(Арғы те­гіміз Қырымның көшпелі қып­шақтары).

Лицейде оқып жүрге­нім­де түркі дүниесі музы­ка­ла­рын зерттейтін фольклор­лық ан­сам­бльге қатыс­тым. Мұс­тафа Бұйыр­ған есім­ді түр­кия­лық қазақ домбы­ра­шы­сы­­мен осы ансам­бльде таныстым. Беймәлім ас­пап­қа қызығушылықпен қарап, Мұс­тафадан атын сұра­ғанымда, «қазақтың ха­лық аспабы – домбыра» деді. «Әжемнің айта беретін дом­бы­расы осы екен-ау», деп үй­ренуге бел будым. Оның қыр-сырын меңгерген сайын өзіне баурай түсті, қыс­қасы,  ажырамас серігіме айналды.

– Домбыраны әуесқой­лық­­­пен үй­рену бар да, оны кә­­сіби тұрғыдан шың­дау бар ғой. Кәсіби жағы­нан же­ті­луіңіз қалай қалып­тас­ты?

– 2000 жылы Ыстанбұлдағы «Қазақ мәдениеті» қоғамына Құрманғазы атындағы мем­ле­кеттік халық аспаптары оркес­трінің өнерпазы Дәурен Әлім-б­ай келді. Мен ол кісіден Түр­киядан аттанып кеткенінше бір елі ажырамадым десем де болады. Дәурен ағам менің ықы­ласымды аңғарып, жөн-жоба көрсетіп, домбыраның қыр-сырын меңгеруге баулыды. Дәурен ұстазымнан біраз күй үйрендім. Домбыраға де­ген шексіз сүйіспеншілік мені Қазақстанда білім алуға жетеледі. Сөйтіп, Түркіс­тан­дағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қа­зақ-түрік университетінің музы­калық білім бөліміне оқу­ға түстім. Халық әртісі Қажыбек Бекбосын, домбырадан сабақ берген Иманәлі Сайманов сияқ­ты ұстаздарыма алғысым шексіз. Түркістанда қазақтың дәстүрі мен тіліне әбден қанықтым. Ал домбыра тек шертумен бойға сіңетін аспап емес, оның қадір-қасиетін түсіну үшін қазақтың тілін, салт-дәстүрін жақсы біліп, қазақ сияқты өмір сүру қажет.

– Түркияда соңғы кезде көп­шіліктің домбыраға қы­зы­ғушылығы жақсы дейді. Мұны түріктердің  түпкі тегі­не, төл мәдениетіне деген аң­са­­ры деп бағалауға бола ма? Қа­лай ойлайсыз?

– 2008 жылы Түркияда «Қа­­зақ мәдениеті» қоғамының жа­нынан домбыра курсын ашып, бір жыл сабақ бердім. Теле­арналарда домбыра сазына орай ха­барлар жүргіземін. Расында да, соңғы кезде Түр­кия­да дом­бы­раға деген қызы­ғу­шылық артып келеді.

2014 жылы Түркиядағы «Ақ пар­тия» саяси ұйымы но­­­­ғай ән­ші­сі Ар­сы­ланбек Сұл­­­тан­бе­ковтің «Дом­бы­ра» әнін өз­де­ріне ән­ұран етіп ал­­ғантын. Пар­тияның сай­лауалды бейнероликтерінде дом­быра сазы, күмбірлеген күй оларды рухтандырып, жігер­лендіре түсті. Сол сайлау кезінде домбыра қазіргі пре­зи­дентіміз Реджеп Тайып Ер­доған мырзаның да ең сүйікті музыкалық аспабы әрі жанына жақын дүниелерінің бірі болды. Осы сәттен бастап домбыра бүкіл түркі азаматтарының бағалайтын, қастерлейтін аспаптарының бірі болды десек қателеспейміз.

– Домбыра билікке ұм­тыл­­ған партияның  наси­хат құ­ра­лына айналса, аспаптың да халық арасында кеңінен та­ра­­луына ықпал еткендігі де сөз­сіз ғой...

– Ыстанбұлда домбыра дә­ріс­­теріне қатысушылар са­ны барған сайын артып ке­ле­ді. Танымал әнші Уғыр Ышы­­лақтың осыдан екі жыл бұ­рын шыққан жаңа альбомына дом­быраға лайықталған екі әніміз енді. Атақты киногер, «Көкжалдар» сериалының музыкасын жазған композитор Гөкхан Кырдардың жаңа кино-сериалында қазақтың күйлері орындалады. Оның та­ғы бір аль­бомында бірнеше шығармада домбыраны қос­тық. Сондай-ақ, танымал ком­позитор Уғыр Арсланның 2015 жылы шыққан ән альбо­мында да домбыраны қоса оты­рып­ ерекше бір саз тудырып, жаңа­ша бір стильде музы­каны жаңғырту байқалды. Бұл альбомдар көп данамен Тү­рік еліне кеңінен тарап кет­ті. Қазақтың киелі қара домбы­расын танытуда, насихаттау­да осылайша еңбек етіп жат­қан жайымыз бар. Алла бұйырт­са, домбыра бұдан былай күллі түркі халықтарына ортақ аспап боларына сенемін. Себебі домбыра сазында күллі түркі баласын рухтандыратын, бірік­тіретін ерекше бір тылсым күш бар.

–  Қазақстандық әріптес­те­­рі­­ңізбен байланысыңыз қалай?

– Әрине, байланысымыз жақ­­сы. Дәурен Әлімбай, Мақ­сат Мұхаметжан, Айгүл Үлкен­баева, т.б. өнерпаздармен ты­ғыз бай­ланыстамыз. Мақсат Мұ­хаметжан Қызылорда фи­лар­­­­мо­ниясының оркес­трін­де қыз­мет етеді. Мықты дом­бы­рашы. Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлттық консер­ваториясының профессоры Айгүл Үлкенбаева ханым да менің өнерімнің өріс­теуіне сансыз көп еңбек сіңірді. Ар­дақты ұстазым («Күй-Ана» деп дәріптейміз ол кісіні). Өз ба­сым осындай ғажап тұлға­лармен таныс болғаныма, олар­дан сабақ алғаныма қуа­на­мын. Биыл 21 наурызда Ал­маты­дағы Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясының шақыртуымен про­фессор Қайырғазы Төленің басқаруындағы «Алатау» ан­сам­блімен бірге концерттерге қатыстық.

– Жетістіктеріңізге тоқта­лып өтсеңіз...

2008 жылдан бастап «Қазақ мәдениеті» қоғамында домбы­ра үйірмелері тұрақты жұ­мыс істейді. Көп жастар осы үйірменің арқасында дом­бы­раның қыр-сырын біршама танып білді. Шәкірттер даярла­дым. Солардың ішінде ең та­лант­ты деген үш шәкіртімді ерекше айтуға болады. Олар дом­быраны кәсіби деңгейде мең­герді. Домбыра үйрену әдіс­темесін дайындадым. Менің 20 жылда жеткен ең үлкен жетіс­тігім осы. Кәсіби тұрғыда дом­­­­­быра үйренушілерге ар­нал­­­­ған әдістемелік еңбек. Бұл ең­­бек сараптамалық ко­мис­сия тарапы­нан жақсы баға­сын алды. Бұйырса, Білім министр­лігінің бекітуімен баспадан шы­ға­ды деп үміттенемін.

Концерттерге, кештерге жиі шақырып тұрады. Домбы­рамды қолға алып, же­ті­п бара­мын. Қазақтың қа­ра домбырасы мені Түр­кия­­ға мәшһүр етті. Өнердің құді­ретімен екі елдің ара­сында достықтың дәнекері бол­ғаныма өзімді бақытты санаймын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Әтіргүл ТӘШІМ,
журналист