01 Тамыз, 2017

Зейнетақысына ескерткіш тақта орнатты

297 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Семей-Курчатов жолы­ның бойында Ертісті ен жай­­лаған ауылдың бі­рі – Бөдене. Елуінші жыл­­­дары 5 колхозды ор­­­тақтастырыпa, ша­руа­­шы­­лығы мың­ғырған бұл сов­­хоз бүгінгі таңда ала­қан­­д­ай ғана ауыл.

Зейнетақысына ескерткіш тақта орнатты

Бесқарағай ауданының Да­лон ауылдық округіне қа­рас­ты осы елді мекенде үс­ті­міздегі жыл­­дың шілдесінде өнегелі бір іс­тің куәсі болдық. «Ұмытпаңдар біздерді» атауы­­мен мәрмәр тастан жа­сал­ған қабырға тақтаға 580 адам­ның аты мен тегі жазылып­ты. Олар – осы өңірден Екінші дү­ние­жүзілік соғысқа аттанған боз­­дақ­тар, тылда еңбек еткен ар­­дагерлер, соғыс қасіретін тар­­тқан ата-аналар. Яғни, «Біз­дер­ді ұмытпаңдар» деген сөз осы 580 адамның атынан айты­лып тұр әрі осы сөз сол жан­дар­дың көкейінде бір­ге кет­кен арман да болуы мүм­кін…

Ең ғажабы, осы 580 адам­ның есімін мәрмәр тақ­таға жаз­ды­рып, орнатуды қа­ра­пай­ым зейнеткер, 82 жастағы адам­ның бір өзі ғана қолға алуы. Зейнетақысын жерлес­тер рухын көтеруге арнаған ақ­сақалдың есімі – Төлеген Тұр­сынханұлы. Ұзын-ырғасы 1,5 миллион теңгенің шаруасын бір өзі мойнына алуының «сы­ры неде?» деген сауалға жауап із­дегенімізде Төлеген ақсақал еш­те­ңе жасырмады.

– Адамның жасы ұлғайған сайын соңымыз қалай болады екен деп көбірек алаңдайды еке­нсің. Оның үстіне алдыңғы жы­лы едеуір сырқаттанып жатып қалдым. Аурухана төсегіне та­ңылған жанның басына не ке­ліп, не кетпейді дейсің. Кө­кей­ді кернеген көп сұрақтың не­гізгісі «Әй, Төлеген! Міне, сен де сексеннен асып бара­сың. Осы уақытқа дейін не бі­тір­дің, не тындырдың? Оны қа­зіргі ұрпақ біле ме? Ке­шегі за­мандастарың қайда? Сә­ле­мің­ді беріп, батасын алатын ақ­сақалдар ортамызда неге жоқ? Қонақ шақырсаң үйге сыймай кететін достар мен үлкендер қайда? Осы секілді сауалдарды өз-өзіме жиі қоя бас­тадым. Жасыратын несі бар, бәрі де біртіндеп ғайып бо­лып, өзіміз де жар жағасына жа­қындап қалыппыз. Осы ау­ыл­ды өркендеткен, шаруасын шалқытқан ағаларымның, от кешкен майдангерлердің, за­ман­дастарымның ерен ең­бек­тері мен есіл есімдерін ел есін­де қалдыру бәлкім менің бо­рышым болар. Сол үшін со­лардың соңында қалған шы­ғармын деген ой иектей түсті. Сөйтіп, қолымнан келгенше бір әрекет қылайын деп осы ша­руаны қолға алдым. Өзі­м­нің таза ниетім болған­дық­тан ешкімнен көмек сұрап, еш­кімнің мазасын алған жоқ­пын. Зейнетақымды, аздап жи­нағанымды, балаларымның қос­қанын барлығын осыған са­лып 1 жыл уақыт көлемінде жа­сап шықтым. Ниетімнің тү­зулігін түсініп, көп жағдайда Асан Омаров, Жұмағазы Оразов, Қалияс Жұмабай сынды ауылдас бауырларым ақыл-ке­ңестерін аямады, – дейді Төлеген ақсақал.

Төкеңнің айтуына қараған­да, тізімге енгендердің көбінің аты-жөні туралы қазір еш жер­де сақталған құжат та жоқ. Сол себепті де ол білгені мен түй­генін тасқа басып, қа­ғаз­ға түсіріп кетуге шешім қа­­былдаған. Мәрмәрдан қа­быр­­ға тақта орнатумен бірге «Бө­­денелім – елім менің» ат­ты кітап та жазып тастапты. Ба­ла күнінен еңбекке араласып, ауылдың тұңғыш механизатор­лары қатарында тер тө­гіп, кей­ін Дегелеңде көлік жүр­гі­зу­шісі, 1968 жылдан 12 жыл «Атомкөл» директоры болған Төлеген аға 7 сыныптан артық бі­лімі жоқ екенін де жасырмай­ды. Бірақ, бір өңірдің жер-су атаулары мен адамдар есімін, та­рихи, естелік әңгімелерді жат­қа соғу табиғат берген зе­ректік, құйма құлақтық қасиет болса керек.

Қай тұрғыдан алсақ та Төлегендей ауыл ағасының ізгі ниетпен атқарған бұл ша­руа­сы ел бірлігін арттыра тү­сіп, рухани жаңғыру, ұр­пақ са­бақтастығы секілді құн­ды­лық­тардың қанат жаюына өз септігін тигізетіні анық.

Қайрат ЗЕКЕНҰЛЫ

СЕМЕЙ

Суретте: Асан Омаров пен Төлеген Тұрсынханұлы