Қазақстан • 01 Тамыз, 2017

Жаңа жобалар іске асты

212 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір дәс­түрлі Жолдауы мен ел да­муының тірегіне айнал­ған мемлекеттік бағдар­ламаларды іске асы­руға орай ұсынған негіз­гі бағыттары қай уақыт­та болмасын өзінің ерек­ше­ліктерімен дараланып, зор қолдауларға ие бо­лып келеді. Өйткені, Елба­сының Жолдауда айтыл­ған жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы ойлары мемлекетімізді үлкен даму жолына бастады.

Жаңа жобалар іске асты

Президенттің салиқалы саясаты бір кездері төрткүл дүниені дүрбелеңге салып, белең алған қаржылық және экономикалық дағ­дарыстан елімізді еңселі кейіпте алып шықты. Сол жыл­дар­ға белгіленген әлеуметтік қолдау­лар да бәсеңдеген жоқ. Қайта Ел­ба­сының биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жолдау­ында ел дамуының негізгі тетік­теріне басымдық берілді. Нәти­же­сінде өндіріс өркендеп, ауыл ша­руашылығы саласында жаңа жо­балар іске асты. Әсіресе Прези­дент ғылым саласына ерекше мән беріп, ел дамуының, мемлекет өркендеуінің негізі сонда жат­қанын айтты.

Мемлекет басшысы өзі­нің Жол­дауында елімізде эконо­ми­­каның жеделдетілген техно­ло­гиялық жаңғыртылуы барысына баса назар аударған болатын. Сон­дай-ақ, елімізде онлайн-сау­да, мобильді банкинг, цифр­лық қызмет көрсету секілді ден­сау­лық сақтау, білім беру ісінде қол­да­нылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту­дың жолдарын айқындап берді. Осыған орай, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы цифрлы индустрияны дамыту басқа да салаларға тың серпін береді. Бұл бағыт жаңа замандағы технологиялық жетістіктерді, оның ішінде ІТ саласын өндіріске кеңінен енгізуге мол мүмкіндіктер ашпақ. Жалпы, Елбасы Жол­дау­ында айтылған мәселелер әлемдік бә­секеде қазақстандық үлгіні қалып­тастыру болып табылады. Жол­даудың түпкі мақсатына үңіле қарасақ, бұл жердегі ой халық­тың өмір сүру деңгейін жоға­ры сатыға көтеруге және көпте­ген әлеуметтік мәселелердің оң ше­шімін табуға негізделіп отыр. Бұл орайда Елбасы ұсынған негізгі бағыттар мен мемлекеттік бағдарламалардың да қоғам үшін айтарлықтай маңызы бар.

«Нұрлы жер» бағдарламасы, әсіресе өңірлердің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына оң әсерін тигізіп отыр. Айталық, Жамбыл облысында бүгінде аталған бағдарлама аясында 80 пәтерлі 4 үй салынуда. Сонымен қатар, Тараз қаласынан 14 және 15-шағын аудандардың салынуы да талай тұрғынның баспана мәсе­лесінің шешілуіне оң ықпал етеді. Сондай-ақ, өңір өндіріс саласында да өркендеп келеді. Облыста жұ­мыс істеп тұрған «Қазфосфат» жауап­кершілігі шектеулі серіктес­тігі мен «ЕуроХим» тыңайтқыш­тар зауытының өзі Елбасы Жол­дауында айтылған өзекті ойлардың жемісі деуге болады.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты Жол­дауында мемлекет дамуын кезең-кезеңімен саралап көрсет­ті. Мемлекет басшысы «Қазақстан­ның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды» деп атап көрсетті. Ал «Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030 Стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен басталды. Оның нәтижелі бол­ғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді», деді. Расында да Елбасының межелі міндеті нәтижелі болды. Еліміз тәуелсіздік алған аз ғана уақыттың ішінде әлемдегі дамыған мемлекеттермен тереземіз теңесті. Өңірлердегі инвестициялық жобалар, іске қосылған зауыттардың өзі өндірісте де бәсекеге қабілетті екенімізді дәлелдей түседі. Мәселен, Жамбыл өңірінде баламалы қуат көздерін өндіру қолға алынған. Бұл өз кезегінде еліміздегі жасыл экономиканың өркендеуіне, кең қанат жайып жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің артуына оң серпін береді. Сондай-ақ, тұрғындар үшін де электр қуа­тының тиімділігін арттырады.

Өз Жолдауында Елбасы ал­ды­мызға жаңа міндеттер қойды. Қазақстанның енді Үшінші жаң­ғыруға бағыт алуы Елбасы айтқан еңбек өнімділігін арттырумен ұштасып жатыр деуге болады. Президент Жолдауында еңбек нарығын жаңғырту жайын айта келіп, «Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс» деп еңбек нарығын жаңғыртудың жолын ұсынды. Елбасы тапсырмасына сәйкес, өңір­лерде де өңір дамуының негіз­гі жоспарлары жасалып, бүгін­гі таңда нақты жұмыстар жүзе­ге асуда. Жамбыл өңірінде де ең­бек на­ры­ғын қалыптастыруда айтар­лық­тай жұмыстар атқарылып отыр.

Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Президент өз Жолдауында «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор» деп атап көрсетті. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына да дендеп көңіл бөлініп, әсіресе ауылды жерлердің жағдайын көтеру жолында ауқымды жұмыстар жасалып келеді. Мемлекеттік «Ал­тын асық», «Сыбаға» бағдар­ла­маларының өзі ауылды жерлерде және елді мекендерде мал басының артуына сеп болып, сапаға көшудің көрнекті үлгісін көрсетуде. Жалпы, Елбасының «Қа­зақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет­тілік» тақырыбындағы Жолдауы – қазақ елінің алдына қойылған ұлы міндет. Маңызды құжатта ел да­муының негізгі жолдары айты­лып қана қоймай, оның тетік­тері де қарастырылған. Ел эконо­микасының дамуына үлес қосқысы келетін әрбір азамат үшін елімізде тіршілік көздері кеңінен пайдалануға жетеді. Бұл орайда, Қазақстанның болашағы зор деп нық сеніммен айтуға болады.

Елбасының өзі де «Бізде уа­қыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жө­нін­дегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ. Біздің ұлы хал­қымыз бірегей тарихи мүмкін­дікті толықтай пайдалана ал­а­тынына сенемін», деген бола­тын. Сондықтан да алдағы асқа­ралы міндеттер арқылы біз өз бола­шағымызды қалыптастыра аламыз деп білемін. Жолдауда мемлекеттің одан әрі дамуы үшін қажетті нұс­қа­лардың бәрі де айтылған. Мәсе­лен, киберқылмыспен күрестің маңыздылығы, сыбайлас жемқор­лықтың себептері мен алғышарт­тарын анықтай отырып оларды жою, терроризммен күрес сияқты нақты тапсырмалар қоғам үшін аса өзекті. Экономиканың дамуына, әлеу­меттік саланың өрістеуіне де мей­лінше жағдай жасалғаны ай­ты­лып отыр. Жолдаудың маңыз­ды­­лығы жөнінде де Жамбыл облы­­сында бірқатар бастама кө­теріліп, халықтан кеңінен қолдау тапты. Ел де мемлекеттік бағдар­ла­малардың игілігін көріп, шаруа­ла­рын шалқытып отыр. Алдағы бағ­дарымызды айқындап, бағы­ты­мыз­ды белгілеп берген Жол­дау­дың жалпақ жұртшылыққа қолдау, демеу болатынына сенім мол.

Тағы бір айта кететін маңызды тұс – Жолдауда айтылған адами капитал сапасын жақсарту. Бірлік пен тұрақтылықты насихаттаған мемлекет ретіндегі бұл бастама әрине, бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауды басшылыққа алады. Қоғамның басты байлығы адам болып саналатындықтан, адами капитал сапасын жақсартудың тиімділігі мол. Елбасы Жолдауы осындай негізгі идеяларымен де, берік құрылымымен де еліміз үшін аса маңызды.

Ғалымжан САҒЫНТАЕВ,
«Азия газ құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

Жамбыл облысы