Қазақстан • 01 Тамыз, 2017

Орталық Азия-Қытай қатынастары талқыланды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) ұйымдастыруымен «2017 жылдың мамырында өткен «Белдеу және жол» форумының қорытындысы шеңберінде Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара ықпалдастықтың болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Орталық Азия-Қытай қатынастары талқыланды

Жиында ӘЭСИ директоры Ержан Сал­тыбаев бүгінгі таң­да «Белдеу және жол» атты қытай­лық бастаманың дамуы аясында Қы­тай-Орталық Азия пішіміндегі бай­ланыстар ұлғайып келе жатқа­нын айта келіп, «Орталық Азия аймағының барлық елдері Шығыс­тағы көршімен тығыз қарым-қа­ты­наста. Аймақтағы елдер алдында олардың экономикалық және көлік-инфрақұрылымдық дамуын арттыратын жаңа мүмкіндіктер пайда болуда», деді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Орталық Азия аймағындағы елдердің Қытаймен серік­тестігі, арадағы инвестициялық әріптестіктің қазір­гі ахуалы, өңір мемлекеттері мен ҚХР ара­сында жиі туындайтын түйткілді мәселе­лер, сонымен қатар, Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасының болашағы секілді тақы­рыптарды талқылады.

Басқосуда Қырғыз Рес­пуб­ликасы Страте­гиялық зерттеулер ұлттық институтының дирек­торы Азамат Дикамбаев, Тәжік­стан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу­лер орта­лы­ғының анализ және болжау басқармасының басшысы Аб­дулло Хаким, Қазақстан Прези­денті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Константин Сыроеж­кин, «ChinaCenter» Қазақстан-Қытай серіктестігі халықаралық орталығының бас директоры Әділ Каукенов, Қоғамдық мәселелер анализі орталығының директоры Меруерт Махмутова, «Эксперт-Казахстан» іскерлік журналының бас редакторы Сергей Домнин және тәуелсіз сарапшы Александр Князев, Бахтиер Эргашев (Өзбекстан Республикасы) өз ойларын ортаға салды.

«Егемен-ақпарат»