Қазақстан • 01 Тамыз, 2017

Тамыз айында ауа райы қандай болады?

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тамыз айында Қазақстан бойынша ауа температурасы климаттық нормаға жуықтайды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Тамыз айында ауа райы қандай болады?

Батыс Қазақстан, Атырау, Манғыстау облыстарында, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының кейбір аудандарында айлық жауын-шашын көлемі нормадан аз болады. Ал республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын көп болуы болжануда.

Белсенді циклон әсерінен елдің барлық территориясында ауа-райы тұрақсыз болып, жаңбыр, солтүстік-батыс желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Айдың ортасынан ЕТР ауданынан батысқа қарай антициклонның ықпалымен және оның шығыс жаққа жылжуына байланысты ауа температурасы көтеріледі және күн райы ашық болады деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы солтүстікте 25...30 градусқа, онтүстікте 30...35 градусқа дейін көтеріледі.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың екінші және үшінші тоқсанында салқын жаңбыр аралас күндер қысқа мерзімді жылы ауа температурасымен ауысады.